Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мейрамханалар өзге кәсіпкерлік нысанына айналуы тиіс

c 17:23, 27/01/2021 c 596

0:00 / 0:00

Келесі айдан бастап жаппай вакцинация жүргізілетіні себепті мейрамханалар жұмысы қайта жандануы мүмкін. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы облыстық филиалы директорының орынбасары Марат Нұрғуатов осындай мәлімдеме жасады. Облыс әкімі Ғали Есқалиев жедел штаб отырысында осы бағытта кәсіп ашқан бизнесмендерге қолдаудың болатынын да атап өтті.Оралдағы мейрамханалардың 10 пайызы ғана өзге кәсіпкерлік нысанына айналған. Бір жылдан бері жұмыстары тұралап тұрған рестораторлар күні бүгінге дейін бірнеше мәрте жұмыс жасауға рұқсат сұрап, мемлекеттік мекемелердің есігін қаққанымен нәубеттің беті қайтпай, шектеу шаралары өзгеріссіз қалдырылды. Алайда карантин кезінде кафелер мен мейрамхана иелеріне, сондай-ақ жұмысынан айырылған адамдарға мемлекеттік қолдау ұйымдастырылды. Мәселен, бизнесмендердің несиелерін уақытша тоқтата тұру, бір жолғы жәрдемақы т.б шаралар қолға алынды.Барлығы 120 мейрамхананың 10 пайызы жұмысын өзге бағытқа ауыстырған. Өңір басшысы Ғали Есқалиев атап өткендей банкет залдарының жұмысын екі бағытқа өзгертуге болады. Бірі- спорттық нысандарға айналдыру болса, екіншісі - арнайы қосымша білім беру орталықтары ретінде жасақтау. Сұранысқа ие салаларға жұмысын ауыстырғандарға мемлекеттік қолдау көрсетілетін болады. БҚО-да кешегі күні 98 адамның КВИ жұқтырған.

Оператор:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.