Орал қаласында пәтер өртеніп зейнеткер қаза тапты. Тілсіз жаудың жалыны 25 қаңтар күні 22 сағат 22 минут шамасында басталған. Орал қаласындағы Артығалиев көшесіндегі үйдің 1-ші пәтеріндегі өрт жалындары көрші үйлерге де өтіп кеткен. Шатырмен қоса алғанда барлығы 50 шаршы метр аумақ өртке ораныпты. Өрт толығымен 23 сағат 37 минутта сөндірілді. Өрт орнынан 1932 жылы туылған зейнеткердің мүрдесі табылды. Марқұм өртенген пәтердің иесі екен. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі мен кінәлі тұлғалар анықталуда.