Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Кәсіп түбі-нәсіп

c 17:16, 25/01/2021 c 460

0:00 / 0:00

БҚО-да күні бүгінге дейін "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы аясында 24,9 млрд теңгені құрайтын 243 жоба мақұлданған. Қазіргі таңда құны 295 млн теңге болатын 3 жоба қаралып жатыр. Сала мамандары аталмыш бағдарламаның көмегіне көбіне-көп ауыл шаруашылығы саласы мен өңдеу өнеркәсібінде жұмыс жасайтын кәсіпкерлер жүгінеді,- дейді.

2019 жылы күнделікті азаматтар тұтынатын тауарлар өндірушілерді қолдау үшін "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы іске қосылды. Осы бағдарламаның арқасында бүгінде 243 жоба қолдау көрген. Мемлекеттік демеудің арқасында бүгінде шаруасын дөңгелентіп отырған кәсіпкердің бірі -Ақылбек Ищанов. Бизнес субъектісі жылқы өсіріп отыр.

Кәсіпкер ісін екі биемен бастайды.

Қазіргі таңда кейіпкеріміз 40 жылқыны осы кешенде бағып отыр. Шаруа қожалығы биені жаз бен қыста әрбір екі жарым сағат сайын сауады.

Саумал ішуге келген жандардың қарасы қалың.

Кейіпкеріміз ата кәсіптің өрісін кеңейтіп, жылқы санын арттырып, ипотерапия ісін бастаған. Ұлттық спортқа баулитын орын мен этно-мәдени кешенді салуды жоспарлап отыр. Ақылбек Ищанов секілді "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы арқылы кәсібін дөңгелентіп отырған жандардың қарасы жыл санап артып келеді.

Естеріңізге сала кетейік, "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы аясында кәсіпкерлер несие мен қайтарымсыз грант ала алады. Бизнес субъектілері несие рәсімдесе, мал-мүлкін кепілге қояды. Кейін мемлекет алған несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялайды.

 

Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.