0:00 / 0:00
Экс –депутат Нұржан Әлтаевтың көлеңкелі үкімет құру туралы бастамасына қатысты әділет министрі Марат Бекетаев пікір білдірді. Министрдің айтуынша, Қазақстанда осындай тәжірибе енгізілсе, оның қалай жүзеге асыратынын байқау керек. Қазір партия мүшелері қоғамның қызығушылығына қарай осы сынды сұрақтарды көтеруде. Сондай-ақ, Бекетаев, көлеңкелі үкімет құруға қазынадан қаражат бөлінбейтінін айтты. Еске сала кетейік, күні кеше Әлтаев мырза көлеңкелі үкімет құрып, ресми үкіметтің жұмысына қоғамдық бақылау жасап, кемшін тұстарын халыққа ашық жариялап, зерттеп, сынап отыратын боламыз дегенді.
Көлеңкелі үкімет құру бастмасын ұсынушылар елдегі саяси партияларды өз қатарына қосылуға шақырады. «Көлеңкелі үкімет» реси үкіметтің жұмысын бақылауға алып, сындарлы, шкиі тұстарын ашық айтып, халықтың мүддесін қорғайтын шешімдер қабылдауға жол ашады дейді саясаттанушылар. Алайда 10 аса министрліктен, облыс орталықтарынан құралған үкіметке балама болу үшін қыруар қаржат қажет. Әлтаев мырза, көлеңкелі үкіметтің құрамындағы министрлер тегін жұмыс істейтін болады дегенді.
Жалпы , дамыған елдердегі көлеңкелі үкімет салық төлеушілердің есебінен құрылып жатады. Алайда, қазақстандық шенеуніктер үкіметті сынайтын баламалы органға бюджеттен қаржы бөлуге дайын емес. Әділет министрі Қазақстандағы саяси партиялар ендігі көлеңкелі үкіметтің функциясын орындап жүр деп санайды.
Марат Бекетаев – ҚР әділет министрі «Мен көлеңкелі үкімет құру үшін бюджеттен қаражат бөлінуі керек, заңмен реттелуі тиіс деген ұйғарыммен келіспеймін. Негізінде біздегі әр партия әртүрлі мәселелер бойынша өз пікірлерін білдіріп жатады. Партия қоғам үшін маңызды мәселелерді көтереді.Меніңше бізде ендігі барлық мәселелер бойынша диалог қалыптасқан»
Министрдің айтуынша, «Көлеңкелі үкімет» термині алғаш рет Ұлыбританияда пайда болған. Ұлыбританиялық саяси жүйеде екі негізгі партия бар. Әртүрлі уақытта олардың біреуі билікке келеді. Осылайша, Үкімет либералистер атынан құрылса, оған дейін консерваторлар партиясынан жасақталады. Консерваторлар партиясы отставкаға кеткенде де партия ретінде жұмыс істей береді. Олар өздерін «көлеңкелі үкімет» деп есептейді. Ал Қазақстандағы партиялардың бірі осындай тәжірибені бастаса, олардың әрекеті қалай жүзеге асатынын көру керек деді Бекетаев.