0:00 / 0:00
Оралдағы көшелердің бірінде жерде жатқан науқасқа назар салмастан өте шыққан жедел жәрдем қызметкерлері сынға ілікті. Бейнежазба әлеуметтік желіде таралып кеткен болатын. Пікір қалдырушылар ақ халатты абзал жандардың адамға көмек көрсетуге құлықсыздығына назалы. Ал қаңтардың қытымыр аязында жерде жатқан жанның қалы нешік? Арна тілшісі оқиғаның мән-жайын анықтап көрді. Адам жанына арашасы ретінде Гепократ антына адал болуға уәде берген ақ желектілердің бұл қылығына жол болсын? Оралдағы жедел жәрдем стансасының басшылығы қарауындағы "абзал жандар" атанған қызметкерлерің қылығына қалай жауап берер екен? Әлеуметтік желіні шулатқан оқиға шын мәнінде қалай өрбіген?
Қазір эпидемиоиогиялық ахуал көңіл көншітпейді. Шамамен күніне жағдай тұрақты кезде 600-ге дейін қоңырау түсетін болса, бүгінде жүктеме көбейіп 900- ге дейін жетіпті.Ал сюжетке арқау болған видеодағы ер адамның алкогольдік ішімдікті шектен тыс ішіп, салдарынан діттеген жеріне жете алмай қар үстінде құлап қалғаны аян болған. Ол есін жиған соң денсаулығында кінәріт болмауы себепті үйіне қайтарылған.