Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Пәтер ұрлығы ашылды

c 12:38, 15/01/2021 c 683

Орал қаласында пәтер ұрлығы бір күн ішінде ашылды. Қылмыс 11 қаңтар күні түскі 1-лер шамасында болған. Күдікті Абай даңғылы бойындағы 149 мекенжайы бойынша орналасқан үйдің терезесін ашып, ішінен ақша мен құнды заттарды үптеп кетіпті. Ол пәтерден 2-мың АҚШ долларын, 400- мың теңге мен алты бірдей алтын бұйымды ұрлаған. Пәтер иесіне барлығы 1 млн 600 мың теңге залал келді. Оңай олжаға кенелмекші болған 33 жасар қала тұрғыны бір күн болмай ұсталды.Тергеу барысында ол барлық қаражатты жұмсап тастағанын жеткізді. Аталмыш азамат бұрын да істі болыпты. Тағы да ескі әдетіне басқан қала тұрғыны алдағы 7 жылын темір тордың ар жағында өткізуі мүмкін.

Автор:
Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.