Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Парақорлық өршіп тұр

c 19:10, 13/01/2021 c 852

0:00 / 0:00

Қазақстан жемқорлықтың тамыры тереңге кеткен елдер қатарында. Елдегі сыбайлас-жемқорлық барысын сараптап, сауалнама жүргізген "Transparency Kazakhstan" қоғамдық қорының  нәтижесін көңіл қуантпайды. Сарапшылардың айтуынша, жемқорлық кең етек жайған салалардың арасында емделуге берілетін жолдама алу мәселесі бірінші орынға шыққан. Бұл жайында Қордың атқарушы директоры Ольга Шиянмен өткен баспасөз маслихатында айтылды. Қазақстан сыбайлас жемқорлық бойынша әлемдегі 183 елдің ішінде 113 орында тұр.

Transparency Kazakhstan қоғамдық қоры еліміздің мемлекеттік мекемелеріндегі парақорлықты жариялап отыр. Қор 9 мың респондентке қалалар мен аудан орталықтары деңгейінде сауалнама жүргізген. Өңірлер бойынша батыс Қазақстан облысында пара беру кең етек жайғаны мәлім болды.

Ольга Шиян – «Transparency Kazakhstan» ҚҚ атқарушы директоры -"Жамбыл, Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Атырау мен Қызылорда облысының тұрғындары сыбайлас жемқорлыққа жиі тап болатынын жеткізді. Жемқорлық қаупі жоғары мекемелер де анықталды. Олар: ауруханалар, полиция, жер қатынастары басқармасы, халыққа қызмет көрсету орталықтары, мемлекеттік және жеке меншік балабақшалар".

Сарапшылардың айтуынша, соңғы жылда елімізде сыбайлас жемқорлық мәмілелеріндегі делдалдардың үлесі алты пайызға артқан. Яғни мемлекеттік органға жұмысқа кіру үшін немесе тағы басқа мәселелері бойынша тікелей басшыға шықпайсың. Ортада делдал бар. Бір қызығы пандемия барысында жемқорлар да мейірімді болып, пара құнын төмендетіпті.

Ольга Шиян – «Transparency Kazakhstan» ҚҚ атқарушы директоры -«Пара сомасы 1000 теңгеден 300 000 теңгеге дейін болған. Ал өткен жылда ол  сома 500 - 500 000 теңге аралығында болған еді. Негізі, бүгінде пара көлемінің төмендегені байқалады. Респонденттердің айтуынша, ол пара алушылардың "мейірімділігі" емес. Дағдарыспен байланысты дейді. Осылайша жемқормен келісуге болған екен».

Сауалнама барысында мәлім болғандайжемқорлық кең етек жайған салалардың арасында емделуге берілетін жолдама алу мәселесі бірінші орынға шыққан.

Ольга Шиян – «Transparency Kazakhstan» ҚҚ атқарушы директоры -«Өткен жылы бірінші орынға емделуге жолдама алу мәселесі шықты. Соның ішінде коронавирус және басқа да ауруларға қатысты ем-дом шаралары бар. Одан кейін жұмысқа тұру мен баланы балабақшаға орналастыру мәселесі тұр. Адамдар сол үшін пара беруге дайын. Ал делдалдар ақша сұрауға ұялмайды».  

Бұдан бөлек, жер мәселесі және сан алуан анықтама алу барысында да парақорлық өршіп тұр. Осылайша, қанша заң қатаңдатылып, бақылау күшейгенімен тамыры тереңге кеткен сыбайлас жемқорлықпен күресте нәтиже жоқ. Жоғарғы жақтағы лауазымды тұлғалар қазынадан уыстап ұрлап жатқанда, төменгі жақтағылар тиындап болса да пара алып, күнін бағып отырған көрініс бұл.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.