Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ассамблея сайлауы

c 11:49, 12/01/2021 c 529

0:00 / 0:00

Ассамблея сайлауы да өтті. Нұр-Сұлтанда  Қазақстан халқы ассамблеясы  Мәжіліс депутаттығына үміткерлерді сайлап алды. Ассамлеяның  351 мүшесі дауыс берді. Сайлауда  Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы, елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та дауыс берді.

Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау аяқталды. Ендігі алдын-ала мәлімет бойынша дауыс нәтижесі де  жоқ емес. Орталық сайлау комиссиясының алдын ала қортындылары бойынша, қазіргі билік партиясы «Nur Otan»  - 71,9 пайыз дауыс, «Ақ жол» партиясы - 10,95 пайыз дауыс жинаса, Қазақстан Халық партиясы - 9,10 пайыз дауысқа ие болды. Ал  Ауылға - 5,29 пайыз дауыс,  «ADAL» партиясына - 3,57 пайыз дауыс бұйырыпты. Әзірге парламентке сол баяғы үш партия өтіп тұр.  Парламент Мәжілісіне өту үшін партиялар жалпы сайлаушылардың 7% жеті пайыз даусын жинауы тиіс.  Өздеріңізге мәлім, Мәжілістің 98 депутаты партиялық тізіммен,  9-ы Қазақстан халқы ассамблаясынан сайланады. Осыған оарй бүгін Ассмаблея атынан мәжіліске үміткер 9 адам сайланды.

Қазақстан халқы ассамблеясынан қазіргі депутат Сауытбек Әбдірахманов  жетінші шақырылымға өтіп, тағы депутат болатын болды. Ал қалған сегізі үшін Мәжілістегі жылы орын жаңа жұмыс болмақ. Әр ұлт өкілдерінен сайланған үміткерлердің ішінде этно-мәдени орталық өкілдері, фермерлер, аулы әкімі де бар.  Осылайша,  Парламенті Мәжілісі VIІ шақырылымының депутаттығына ассамблеядан баратындар сақадай сай.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.