0:00 / 0:00
Қазақстанда Парламент мәжілісі мен маслихат депутаттарын сайлау жүріп жатыр. Таңнан бері сайлау учаскілеріне келген халық саны артуда. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, түске дейін қазақстандықтардың 30 пайыздан астамы дауыс берген. Жалпы республика бойынша 10 мың 60 сайлау участігі бар. Елордалық тілшіміз Әселім Қалкен бес партияның дауыс беру барысын бақылаған еді. Тілші репортажынан.
Қазақстандықтар бүгін өз таңдауын жасап жатыр. Нұр-Сұлтандағы сайлау участіктерінде елдегі карантинге байланысты санитарлық норма қатаң сақталған. Есіктен кіре берісте сайлаушыларға бетперде мен қолғап таратылып жатыр, дене қызуы тексерілуде. Байқаушылар әйнектің арғы бетінде отыр. Парламент мәжілісі мен маслихат депутаттығынан үмітті бес саяси партия үшін бүгін шешуші күн. Олардың тағдыры сайлаушылардың қолында. Көпшілік күтіп отырғандай әділ сайлау өтсе, әр партияға Парламенттен орын бұйырады деген болжам бар. Таңнан алғашқы болып сайлау участігіне Қазақстан халық партиясының төрағасы Айқын Қоңыров келіп жетті. Партия серкесі елордадағы №66 мектеп-лицейдің базасында орналасқан №113 сайлау учаскесінде дауыс берді. Қызылдар партиясы бұл жолы жеті пайыздан көп дауыс жинаймыз деп сенеді.
Дәл осы сайлау участігіне ауылдықтар келіп дауыс берді. «Ауыл» партиясы бұған дейін де талай сайлауға түсіп жүріп, дауыс жинай алмағанды. Бұл жолғы сайлауда ауылдықтарға парламенттен орын бұйырады деген үмітте партия басшысы
Алдын ала хабарланғандай «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев 122 участікте дауыс беру керек. Алайда, журналистер түсініксіз жағдайға тап болды. Участік басшысы Перуашев бұл жерде дауыс бермейтінін, оның басқа жерде тіркелгенін айтып шығарып салды. Салып ұрып 113 участікке жеткен тілшілерге «Ақ жол» партиясының төрағасы мұнда да дауыс бермейтіні хабарланды. Не керек, ақырында Азат Перуашев 122 сайлау участігінде дауыс беретін болып шешілді.
Азат Перуашев – «Ақ Жол» партиясының төрағасы «Adal» партиясының төрағасы Серік Сұлтанғали де елордадағы «Астана Опера» театрында орналасқан №115 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады. Ал Оқушылар сарайныдағы сайлау участігіне келген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, дауысын беріп, журналистермен сұқбаттасты. Мемлекет басшысы су жаңа парламент жұмысына кіріскен соң, елде реформалар орын алатынын айтты.
Тоқаев, жаңа парламентпен бірге, жаңа үкімет жасақталаатынын айтты. Сондай-ақ, Президент наразылық білдірушілер болуыда мүмкін екенін жоққа шығармады.
Айта кету керек, даусы беру бүгін кешкі сағат 20:00 дейін жалғасады. Одан әрі дауысты есептеу басталады. Сайлау нәтижелерін Орталық сайлау комиссиясы алдағы жеті күннің ішінде хабарлайды.