0:00 / 0:00
Парламент мәжілісі мен маслихат депутаттарын сайлау науқаны да аяқталуға жақын. Саяси партиялардың бір ай бойы жүргізіп жатқан үгіт-насихатының соңғы күні. Болашақ депутаттардың таудай уәдесі, халықтың әл-ауқатын көтеру, жерді сатпау, бизнесті қолдау, жұмыссыздықпен күрес деген ұрандармен көрініс табуда.
Сайлаулатып жатқан қазақстандықтар бірер күнде өз таңдауын жасайды. Парламент Мәжілісі мен маслихат депутаттарының сайлауына бес саяси партия қатысып жатыр. Бүгін партиялардың үгіт-насихатының соңғы күні. Бір ай бойы тынымсыз жұмыс істеп жатқан саяси күштердің сайлаудан үміті зор. Болашақ депутаттардың таудай уәдесі, халықтың әл-ауқатын көтеру, жерді сатпау, бизнесті қолдау, жұмыссыздықпен күрес деген ұрандармен көрініс табуда. Қазіргі биліктегі партия-NUROTAN елдің қамын шешуге 21 триллон теңге бөлінетінін айтты. Ауылдықтар болса, ауыл тұрғындарына кәсіппен айналысуға кепілсіз және өсімсіз несие беруді ұсынады. Сондай-ақ, жерді сатпау партияның басты ұстанымы.
Алаштың жолын ұстанған ақжолдықтар бизнесті қолдау, жерді шетелдіктерге сатпау, оффшордағы қаражатты елге әкелуді қолға аламыз дееп отыр. Ал үгіт-насихат жұмысы болашақ депутаттар үшін үлкен тәжірибе дейді партия серкесі.
Халық партиясы, жұмыссыздықпен күресті күшейтпек. Қызылдардың айтуынша, қанша инфляция болғанымен, қазақстандықтардың жалақысы өспей отыр.
Жастардың басын қосқан «Adal» партиясы ел кәсіпкерлерін қолдау, бизнесті дамытуға ат салыспақ. Айта кету керек, адалдықтар үгіт-насихат барысында партия мүшелерінің санын 300 мыңға жеткізді.
Алина Асқарова – «Adal» партиясының мүшесі «Бүгінде көпбалалы аналарды мемлекет баспанамен қамтып жатыр. Алайда, оларды жұмыспен қамту кенже қалған. Біздің партия көпбалалы аналарды кәсіпкерлікке тарту жолын ұсынып отырмыз».
Adal партиясының мүшелері үгіт-насихаттың соңғы күнінде әлеуметтік желіде 12 сағат бойы тікелей эфирде сайлаушылардың сұрақтарына жауап беріп жатыр. Сайлау 10 қаңтар күні өтеді. Ал ертең тыныштық күні.