жылқы ұрланды – TDK-42

Баукеспелердің залалы
0:00 / 0:00

Батыс Қазақстан облысында 2020 жылдың бес айында 185 мал ұрлығының дерегі тіркелген. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің мамандары хабарлайды. Шаруалардың бағып отырған малын ұрлаған 111 барымташы қолға түсіп, 120 іс ашылған. Бірақ ауыл-аймақта баукеспелердің кесірінен қаншама адам зардап шегіп отыр. Малшылар күні-түні қорадағы малын бағып, отырғанымен ұрлықтың жолын біржолата кесу мүмкін болмай отыр. Баукеспелердің қолынан зардап шегіп, шығынға батқан жандардың бірі- Қазталов ауданының тұрғыны Сүндетқали Қасымов. Осыдан бес жыл бұрын шаруаның қорасынан 31 жылқы ұрланған екен. Содан бері тәртіп сақшылары жоғалған басты таба алмай келеді.

Бұл-Қазталов ауданында мал шаруашылығымен айналысатын Сүндетқали Қасымов. Барымташылардың қолынан зардап шеккен жан осы. 2015 жылы шаруаның қорасынан шідерлеулі тұрған 31 мал басын баукеспелер ұрлап кетеді. Содан бері жылқыдан хабар жоқ. Зардап шеккен азамат полиция қызметкерлеріне ұрлық жөнінде хабар беріп, арыз жазады.

Кейіпкеріміздің үзілген үміті биыл қайта жалғанады. Ол Ақжайық ауданында бір үйір жылқы табылғанын естіп, лезде Қазталов ауданының полиция қызметкерлерімен бірге жылқыларды қарауға аттанады.

Полиция қызметкерлері Ақжайық ауданынан табылған үйір жылқы ісі қазір тергеліп жатқандығын айтады. Кінәлі тұлғалар анықталмағасын бес жыл бұрын жабылған іс зәбірленушінің арызы бойынша қайта қозғалды,- дейді тәртіп сақшылары.

Ақ адал малыннан айырылған Сүндетқали Қасымов істің әділ, әрі ашық тергелгенін қалайды. Шаруа маған артық өтем керек жоқ, тек өзіме тиесілі жылқыларымды қайтарып берсе деген тілегін айтады. Ал полиция қызметкерлері тұрғындарға Ақжайықта табылған жылқы үйіріне байланысты сұрақтар туындаса тәртіп сақшыларына хабарласуға шақырады.