ВИЧ ЖҰҚТЫРҒАНДАР ҮШІН КІМ ЖАУАПТЫ? – TDK-42

ВИЧ ЖҰҚТЫРҒАНДАР ҮШІН КІМ ЖАУАПТЫ?
0:00 / 0:00

ВИЧ инфекциясын жұқтырғандар үшін кім жауапты? Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Алматыдағы медициналық мекемелердің бірінде орын алған АИТВ жұқтырғандарға қатысты пікір білдірді. Министрдің айтуынша, қазір осы келеңсіз жағдайға қатысты комиссия жұмысы жүріп жатыр. Келесі аптада оның қортындысы дайын болғанда, толық ақпарат береміз деді ол.

Өздеріңізге мәлім, ағымдағы жылдың 14 маусымда Алматы қаласының медициналық мекемесінде мамандар ем қабылдағандар арасында қаланың Орталық қалалық клиникалық ауруханасында ВИЧ жұқтырған үш науқасты анықтаған. Сол күннен бастап денсаулық сақтау министрлігі бұл оқиғаны тергеуді бастаған еді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Алматы ауруханасында АИТВ (ВИЧ) инфекциясын жұқтыру бойынша тергеу барысында барлық науқастар 2023 жылдың сәуір айында Алматы қалалық орталық клиникалық ауруханасының бірнеше бөлімшелерінде медициналық көмек алғаны анықталды. Қазір ВИЧ инфекциясын жұқтырғандардың барлық жүру бағыттары мен байланыста болған адамдары анықталып жатыр. Байланыста болған 593 адамнан ВИЧ-ке тексеру үшін материал алынды, оның 419-ы теріс нәтиже көрсетті, қалған 174 адам тексерілуде. Бір ай болып қалды қауіпті инфекцияны жұқтырғандармен Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният әлі кездеспепті. Оның себебі министр ханым былайша түсіндіруге тырысты.

АЖАР ҒИНИЯТ –ҚР ДСМ «Жоқ. Себебі, комиссия жұмыс істеп жатыр. Бізде «Медициналық құпия туралы» заң бар. Тек пациенттердің келісімімен. Олардың мұндай қалауы жоқ.Мұндай науқастармен кездескісі келгендердің өзі де кездесе алмайды. Себебі, мұндай науқастар заңмен қорғалған. Егер науқас өз мәртебесі жарияланғанын қаламаса, ол жайында ақпарат беруге болмайды. Қазір ем алып жатқан науқастар өзі жайында жария етпеуді сұраған. Тіпті олардың жақын туыстары да білмейді»

Ал ВИЧ инфекциясын жұқтырағндардың тағдырына кім кінәлі? Бұл сұраққа жауапты келесі аптада аяқталатын комиссия жұмысының қортындысынан соң білеміз.

АЖАР ҒИНИЯТ –ҚР ДСМ «Әлі комиссияның жұмысы ақяталған жоқ. Келесі аптада осы жағдайға қатысты жұмыс істеп жатқан комиссияның қортындысы дайын болады. Сол кезде баспасөз маслихатын өткізіп, толық ақпарат береміз»

Өкінішке орай Қазақстанда ВИЧ-инфекциясын жұқтырғандар саны артып, өткен жылы 30 мың адам тіркелді. Соның 90 пайызын 15 пен 49 жас аралығындағы азаматтар құрап отыр. Қауіпті індеттің 75 пайызы жыныстық қатынас арқылы, 20 пайызы иньекция арқылы жұққан. Қазақстан заңы бойынша ВИЧ инфекциясын екінші адамға жұқтырған адам қылмыстық жаупакершілікке тартылады. Тіпті 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Ал 2006 жылғы оқиғаны еске алсақ, Шымкенттің облыстың ауруханасында 118 бала мен 14 ана ВИЧ жұқтырған болатын. Ол үшін 20 медицина қызметкері сотталды. Қан құю ем-шарасы кезінде медициналық құралдыы бірнеше рет қолданғаны мәлім болғанды.