ұялы телефон – TDK-42

Туысын ұялы телефон үшін өлтірген азамат 14 жылға сотталды
Батыс Қазақстан облысының 54 жасар тұрғыны ұялы телефон үшін туысын өлтіріп, 14 жылға сотталды. Қылмыс биылғы жылдың қаңтарында орын алған. Сотталған азамат Соколов пен оның туысы Проказов бірге ішімдік ішкен. Кейін, екі ер адамның арасында келіспеушілік туындапты. Яғни, Соколов туысын ұялы телефонымды ұрлап кеттің, оны қайтаруың керек деп талап қояды. Кейін, сотталған азамат қолына пышақ алып, туысының жүрек тұсынан сұғып алады. Он минут өткеннен кейін, Проказов қайтыс болған. Сот процесі барысында сотталған Соколовтың ертеректе, адам өлтіргені үшін істі болғаны анықталыпты. Ол өткен жылдың қазанында уақытынан бұрын бостандыққа шыққан. Алайда, қылмыскер араға 2 жыл алты ай салып, қылмысын қайталап отыр. Соколов болса, өзінің кінәсін жартылай мойындады.

Орал қаласында телефон ұрлығымен айналысқан адамды полиция қолға түсірді
Орал қаласында телефон ұрлығымен айналысқан адамды полиция қолға түсірді.Орал қаласының 32 жасар тұрғыны телефоның жоғалтқаны жөнінде полицияға арыз түсіреді, осы арыз бойынша дереу іс қозғаған полиция басқармасының мамандары телефон ұрлығына қатысы бар деген күдікпен 40 жасар адамды қолға түсіреді.Бұл азамат бұған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылған.Қазіргі таңда осы телефон ұрлаған азамтқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр деп хабарлады БҚО ПД баспа сөз қызметі.Полиция қызметкерлері адамдарға қоғамдық орындарда, қоғамдық көліктерде жеке затарына мұқият болыңыздар деп ескертеді.Себебі қалта ұрлығы негізінен адам көп жүретін орындарда тіркеледі.

Тіркеуден өтпеген телефонға қызмет көрсетілмейді
Келесі жылдың қаңтарынан бастап тіркеуден өтпеген телефонға қызмет көрестілмейді. Сондықтан осы жылдың аяғына дейін еліміздегі барлық тұрғындар ұялы телефондарын тіркеуден өткізіп үлгеруі керек. ІІМ мәліметінше, елімізде жыл сайын шамамен 60 мың телефон ұрланады екен. Олардың 5%-ға жетпейтін мөлшері ғана қайтарылады. Көбінесе телефондарын жоғалтатындар – балалар. Еске сала кетейік, 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда IMEI-кодтардың бірыңғай базасында тіркелмеген телефондар бұғатталады

Ұлыбритания, Түркия, Әзірбайжан және т.б. елдердегідей біздің елде де IMEI-кодтар базасын құру қолға алынып отыр. Бұл жүйені қосу телефон ұрлығын айтарлықтай төмендетуге себін тигізеді. Телефонын жоғалтқан жәбірленуші полицияға шағым түсіргеннен кейін ұрланған телефон бұғатталады. Яғни, ұрлықшы үшін телефон ұрлағаннан пайда болмайды. Ұялы теелфонды тіркеу мәселесі жаз айларынан бері жүріп жатыр. Келесі жылдың қаңтарынан бастап тіркеуден өтпеген телефонға қызмет көрсетілмейді. Сондықтан осы жылдың аяғына дейін елі¬міздегі барлық тұр¬ғындар ұялы телефондарын тір¬кеуден өткі¬зіп үлгеруі керек. Бір адамға бірнеше нөмірді тіркеуге болады дейді ақпарат министрі.

ДӘУРЕН АБАЕВ – ҚР АҚПАРАТ ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛАР МИНИСТРІ

«Бұл тіркеу Қазақстандағы ұялы байланыс оепарторлары үшін керек. Тіркеу барасында бір адам өзіне бірнеше нөмірді тіркеп, ол нөмірлері кмідерге тиесілі екенін тізіп шығады».

Қазақстанда қанша телефон ұрланатыны туралы статистикаға тоқталсақ , ІІМ мәліметінше, бүгінгі таңда елімізде жыл сайын шамамен 60 мың телефон ұрланады екен. Олардың 5%-ға жетпейтін мөлшері ғана қайтарылады. Көбінесе телефондарын жоғалтатындар – балалар.

Әселім Қалкен

Жаңа қызмет ұялы телефонның көмегімен жүзеге аспақ
Еліміздің аумағында уақытша тіркеуді ұялы телефонның хабарлама қызметі арқылы ұзартуға болады. Бұл қызмет ақпан айынының соңында өз жұмысын бастамақ. Сала мамандары проактивті қызметтің көмегіне жүгіну үшін  ұялы телефон нөмірлерін азаматтар базасына тіркеуі шарт. Яғни, азаматтың жеке сәйкестендіру нөміріне телефон нөмірін тіркеп қоюы керек,- дейді. Бұл қызмет түрін электронды үкімет порталының жеке кабинетінде, немесе кез-келген Халыққа қызмет көрсету орталығында іске қосуға болады. Алайда, бұл қызмет түрі үшін Қазақстандықтар қанша қаражат төлейтіндігі әзірге белгісіз.