сенімгерлік басқару – TDK-42

Теннис орталығы сенімгерлік басқаруға беріледі
Оралда 2 млрд теңгенің теннис орталығы саттыққа шығарылды. 2015 жылы салынған теннис орталығын кәсіпкердің қолына 7 жылға сенімгерлік басқаруға беру жоспарланып отыр.Спорттық нысан 7 жылға сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға берілмек. Конкурсқа қатысушылар үшін кепілдік жарна 20 миллион теңгені құрайды. Нысанның жалпы құны - 697 млн теңге. Бұл ретте оған үстел теннисі мектебінің ескі ғимараты да қоса беріледі. Бұған дейін шенеуніктер құрылыс кезінде теннис орталығының жобасы 2 миллиард теңгеге бағаланғанын айтқан болатын.Сондай-ақ болашақ жеңімпаз өз есебінен  спорттық шаралар өткізіп, спортшылардың жарыстарға жылына үш рет шығуын жүзеге асыруы тиіс. Ал табыстың 50% - ын бюджетке аударуы қажет. Тендер қорытындысы 10-шы наурыз күні белгілі болмақ.КТМ: Естеріңізге сала кетеміз, бүгінге дейін бірнеше спорттық нысан сенімгерлік басқаруға берілген болатын. Атап айтқанда Мұз спорт сарайы, Ұлттық спорт мектебі және бірнеше спорттық алаңдар. Бүгінде мекемелерде келісімшартқа сәйкес шаралар атқарылуда.

Ескі қорым аумағы қорғалады
Оралдағы Мұнай базасы ауданындағы ескі қорым сенімгерлік басқаруға берілетін болды. Бұл туралы Орал қалалық қаржы бөлімінің басшысы Ербол Шүкірғалиев мәлімдеді.Шаһардың ескі аудандарының бірі саналатын мұнай базасы ауданындағы ескі қорымның жалпы аумағы шамамен 12 гектарды құрайды. Қаланың қақ ортасында орналасқан бейіт сан жылдардан бері қараусыз қалуы себепті мемлекетпен оны сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылданды.Айта кету қажет тұрғындар арасында қорым аумағы тазаланып, орнына құрылыс жүргізіледі деген «қаңқу» әңгіме жүруде. Ал шынтуайтына келгенде бәрі керісінше. Аумақ арнайы күтімге алынып, уақытылы құрылыс пен тұрмыстық қалдықтардан тазартылатын болады. Сонымен қатар, зираттың аумағында орман белдеуінің де болуы себепті өрт қауіпсіздігі шаралары сақталмай отыр.Аумақты сенімгерлікке тапсыру шарасын 5 ақпанда өткізу жоспарлануда.

Сенімгерлік басқару сенімді ақтай ма?
Орал қаласында биыл үш нысан жекеге берілген. Ондағы мақсат қандай? Сенімгерлік басқаруға мемлекеттік мекемелерді неге береді және болашақтары қандай болып жатыр? Нысанды сенімгерлік басқаруға алған кәсіпкерге қандай талап қойылады? Осы сұрақтарға арна тілшісі Жанат Көшкінбай жауап іздеп көрді.

БҚО бойынша сенімгерлік басқаруға берілген нысандар баршылық. Биылдың өзінде үш нысан сенімгерлік басқаруға өткен. Солардың бірі жастар стадионы. Жастар стадионын Сәуле Якияиева есімді кәсіпкер алған. Қазір жастар стадионында кәсіпкер өз жұмысын бастап  кеткен. Алда бұл жерде күрделі жөндеу жүреді: электр желілері, құбыр желілері толығымен ауысады. Ойын ойнайтын алаң дұрысталады, заманауи орындықтар қою да көзделген. Осындай қаржыны талап ететін жұмыстарға қарамастан кәсіпкер елдегі қиын жағдайға байланысты балаларға тегін жаттығуға мүмкіндік беріп қойған.

Спорт нысандарын жекеге берудің өзіндік талаптары бар. Біріншіден, спорт нысандарында ешқандай жаттығулар тоқтамауы керек, жаттықтырушылар, спортшылар бұрынғы жүйемен жұмыс жасай береді. Кәсіпкер спорттық шараларды өткізуден бас тарта алмайды. Орал қаласындағы мұз айдыны да сенімгерлік басқаруға берілген нысандардың бірі. Бұл жерде кәсіпкерге қойылған талаптардың бірі- мұздың сапасын жақсарту. Шорт трекшілер сапалы, жұмсақ мұзда алаңсыз жаттығулары керек. Одан бөлек хоккей, коньки спортын дамытуға қолайлы жағдай жасауға міндеттелген. Мұз айдынын алған кәсіпкер 20 млн.дай инвестиция құюға міндеттелген.

Сенімгерлік басқаруға берілген нысандар үнемі сәтті бола бермейді. Кейде кәсіпкер өзіне жүктелген міндетті атқара алмайтын жағдайлар болады немесе келісімшарттағы тапсырмаларды жасамайды. Ондай кезде нысанды мемлекет кері қайтарып алады. Мысалы Орал қаласында  "Ақжайық" волейбол клубы мемлекетке кері қайтарылған.

Орал қаласында жекеге берілген нысандар қатарында бұрынғы протез  жасайтын шеберхана да бар. Қазір көріп тұрғандарыңыздай, мынау бір керексіз нысан болып жатыр. Қаланың қақ ортасында көшенің сәнін кетіріп тұрған осы нысан тек жуырда ғана жекеге өтіпті. Енді бұл жерде БҚО бойынша бәсекелесі жоқ протез шығару шеберханасы іске қосылатын болады.

Орал қаласындағы мәдениет және демалыс саябағы сенімгерлік басқаруға беріледі деген-ді. Әзірге процесс тоқтап тұр. Бірақ саябақтың тағдыры толығымен шешілген жоқ.

"Ақжайық" футбол клубын сенімгерлік басқаруға табыстады
Бұл жөнінде бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім болды. БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы Әсия Аманбаеваның айтуынша, нысан 5 жылға әрі қарай сатып алу құқығымен сенімді қолға беріліп отыр. Ақжайық алғаш саттыққа 2015 жылы шығарылған болатын. Ол кездегі белгіленген бағасы 2,4 млн теңгені құрады.

-Бұрын премьер лигадағы орынды сақтап қалу туралы тапсырма тұрған болатын. Биыл турнир таблицасында 8 орынға көтерілу міндеттелді. Қазір "Ақжайық" 6шы орында келеді. Клубтың бюджеті 1 млрд. теңгеден аз. Барлығын футболшылардың жалақысы қызықтырады. Бұл дегеніміз жалпы қаржыландырудың 50 пайызынан да төмен",-дейді БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әсия Аманбаева.