ПУТИННІҢ САПАРЫНАН НЕ КҮТЕМІЗ? – TDK-42

ПУТИННІҢ САПАРЫНАН НЕ КҮТЕМІЗ?
0:00 / 0:00

Ең алдымен Ресей Президентінің елімізге сапарынан бастасақ. Қонақ келеді дегелі Астана дайындықты күшейтті. Полициясы күшейтілген режимге көшті. Елорданың басты көшесінде полицейлер мен қаруланғандар көбейді. Әскери техникалар пайда болды. Сол жағалауды басты көшелер жабылды. Ал студенттер үйлеріне қашықтықтан оқуға жіберілді. Тіпті күшейтілген режимдегі жұмыс жайында алдын-ала хабарландыру да болды. Не керек Владимир Путиннің келуіне үлкен ыждахатпен дайындалды. Құрметті қонағын қазақ басшысы Тоқаев әуежайға барып өзі қарсы алды. Себебі, бұл Путиннің мемлекеттік сапары. Саясаттанушылардың бағалауынша, Путиннің мемлекеттік сапары барысындағы басты мәселелердің бірі - республикадағы АЭС құрылысы. Биыл өткен референдумда Қазақстанда атом стансасын салу туралы шешім қабылданғаны мәлім. Бірақ оны кім салатыны әлі белгісіз. Ресей басшысы Путин өз мақаласында энергетика саласындағы ынтымақтастықты атап көрсетті. «Росатом» мемлекеттік корпорациясын еске салып, оның «қазақстандық тараппен жаңа ауқымды жобаларға дайын екенін» де атап өтті. Біздің елде атом реакторын салуға ниет білідірп отырған төрт елдің бірі Ресей екенін де білеміз. Ақордадағы кездесуден кейін екі ел басшылары журналситер алдында екі жақты келіссөздердің басқа тұстарын атады. Тоқаев Ресей – Қазақстанның ең басты сауда серіктестерінің бірі және экономикамызға қаржы құйған үш жетекші инвестордың қатарында екенін айтты.

Қазақстан экономикасына Ресейден келген тікелей инвестиция көлемі 24 миллиард доллардан асты. Соңғы екі жылдың өзінде 4,5 миллиард доллардан астам қаржы құйылды. Қазақстан да Ресей экономикасына қомақты қаржы салды. Бүгінде оның көлемі 8,5 миллиард долларға жетті. Бұдан бөлек, Қазақстанда ресейліктердің қатысы бар 24 мыңға жуық компания жұмыс істейді.

ВЛАДИМИР ПУТИН – РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ «Біздің достығы жарасқан. Екі жақты іскерлік қарым-қатынасымыз қарқынды дамыған. Үнемі байланыстамыз. Жаңа жыл қарсаңында Петерборда сізді күтеміз.Бүгінгі келіссөздерде қол жеткізілген құжаттар әр тарапты. Екі ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынасымыз нәтижесін беріп отыр. Тауар айналымы 25 млрд долларды құрады»

Сондай-ақ, Ақорданың хабарлауынша, Путиннің бұл сапары аясында 20 келісімге қол қойылды. Келіссөз барысында екі ел басшылары өнеркәсіп кооперациясы, энергетика, мұнай-газ өнеркәсібі, энергия ресурстарының тасымалы, машина жасау, көлік-логистика, қаржы, экология, су саясаты, білім беру, ғылым және мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастықты дамыту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, Астанада Ұжымдық қауіпсіздік кеңесіне мүше елдердің басшылары бас қосты.

10 аса құжатқа, соның ішінде қорытынды декларация мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Путин жиынға қатысушыларды осы шараға шақырды.