ПАРЛАМЕНТ ЕСІГІН АШТЫ – TDK-42

ПАРЛАМЕНТ ЕСІГІН АШТЫ
0:00 / 0:00

Парламент есігін ашты. Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысына БАҚ өкілдері оффлайн режимде қатысты. Бұл бір жарым жылдан кейінгі қауышу. Пандемия басталғалы алғаш рет келіп отырған журналистердің сұрағы көп болды. Карантиндік талапқа сай, Парламент үйіне тек жасыл мәртебесі барлар ғана кірігізілді.

Мәтін. Дәлірек айтсақ, бір жыл жеті ай бойы Парламенттің есігін көрмеген журналистер қауымы үшін бүгін мерекелі күн болды. Жолы болар жігіттің жеңгесі шығар алдынан дегендей, Мәжілістің жалпы отырысына үкімет басы Асқар Мамин бастаған министрлер кабинеті түгел келді. Тек депутаттар мен министрлерді ғана емес, бірін-бірі көрмей сағынысқан журналистер қауымы арқа-жарқа болды. Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин де бүгінгі отырыстың ерекше екенін айтты.

Жетінші шақырылымның су жаңа депутаттарын сұрақпен сынап көрмеген тілшілер, көз көрген мәжілісмендерге көбірек сауал қойды. Халыққалаулыларының да карантиндік режимдегі жұмыстан іштері пысқан сияқты. Журналистерді сағынып қалғандарын жарыса айтып жатты.

АЗАТ ПЕРУАШЕВ – ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ «Өте қатты сағындық сіздерді. Ақжол партиясының бастамаларын үнемі тәуелсіз БАҚ қолдап жатады».

Дегенмен, үкімет мүшелері сол баяғы сұрақтан қашу әдетінен арылмапты. Премьер-министрдің өзі журналистердің сауалына жауап беруге уақыт таппады. Мәжіліс спикері де қаумалаған тілшілердің жанынан өте шықты. Ал ұлттық экономика министрлігін тізгіндегелі тілшілердің қолына бірінші рет түскен министр Ерғалиев әріптестерін таппай, әбден састы.

1,5 жыл бойы БАҚ өкілдерін жатырқап қалған күзет қызметкерлері болса, кей әріптестеріміздің жұмысына кедергі жасап, басы дауға қалды.

Не керек, осылайша Парламенттің есігі айқара ашылды. Карантинде жайлы өмірге үйреніп қалған шенеуніктер мен депутаттар бүгін ұйқыдан оянғандай болды.