Отбасының әлеуметтік жағдайы қалай анықталмақ? – TDK-42

Отбасының әлеуметтік жағдайы қалай анықталмақ?
0:00 / 0:00

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі отбасының әл-ауқаты қалай бағаланатынын түсіндірді. Ведомство мәліметінше, Цифрлық отбасы картасы үй шаруашылықтарын әлеуметтік жағдайына қарай бес санатқа бөледі. Бағалау кезінде отбасы мүшелерінің табысы ғана емес, жылжымайтын мүлкі, көлігі, несиесі, бизнесі және жұмыспен қамтылуы да ескеріледі. Жалпы, 59 көрсеткіш талданады. Министрлік жоғары әл-ауқат деңгейінің бір белгісі ретінде әр отбасы мүшесіне шаққанда жеті күнкөріс минимумынан асатын табысты атайды. Бұл айына бір адамға шамамен 350 мың теңгеден астам қаражатқа тең. Мәселен, төрт адамнан тұратын отбасының жалпы айлық табысы 1 миллион 400 мың теңгеден асуы мүмкін. Алайда мұндай кірістің өзі отбасының ауқатты санатқа жататынын білдірмейді. Бағалау барысында бірнеше тұрғын үйдің болуы, баспананың көлемі, коммерциялық жылжымайтын мүлік, жеке бизнес және қымбат көлік сияқты факторлар да қарастырылады. Сонымен қатар отбасының қарыздары, несие бойынша берешегі, жер учаскесі мен жеке қосалқы шаруашылығы туралы мәліметтер ескеріледі. Министрлік бір ғана пәтердің, көліктің немесе белгілі бір жалақының болуы отбасының әлеуметтік санатын анықтамайтынын атап өтті. Цифрлық отбасы картасы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істейді. Қазір жүйеде 20,6 миллион азамат туралы мәлімет бар. Олар шамамен 6,2 миллион отбасыға біріктірілген. Картаның негізгі мақсаты – халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын бағалап, мемлекеттік қолдауды мұқтаж азаматтарға нақты бағыттау.