Мүгедектер орталығы – TDK-42

Оралда мүгедектер орталығының құрылысы тоқтап тұр
0:00 / 0:00

Оралда мүгедектердің өздігінен өмір сүруіне арналған арнайы орталықтың құрылысы тоқтап тұр. Осыдан екі жыл бұрын іргетасы құйылған әлеуметтік нысан өткен жылы пайдалануға берілуі тиіс болатын.  Облыста 24 мыңнан аса мүмкіндігі шектеулі жан бар екенін ескерсек, бұл орталыққа зәру жандардың аз емес екенін аңғарамыз. Осы орайда бұл орын да сақалды құрылысқа айналып кетуі мүмкін бе?2018 жылдың көктемінде Орал қаласында мүгедектердің өздігінен өмір сүруіне арналған арнайы орталықтың құрылысы басталған болатын. Құны сол кезде 100 млн теңгеге бағаланған әлеуметтік бейімдеу үйі демеушілердің қаржысына бой көтеруі тиіс еді. Алайда мүмкіндігі шектеулі жандардың қуанышы ұзаққа созылмады. Төрт қабырғасы қалқайған ғимараттың ішкі әрлеу жұмыстарын тәмамдап, ел игілігіне тапсыруға ешкім асығар емес. Өз кезегінде мүгедек жандар аталған нысанның аяқталуын асыға күтіп жүр.Өңірде бұл күні шамамен 24 мыңнан аса мүмкіндігі шекттеулі жан бар. Олардың 15 мыңдайы жұмысқа жарамдылар қатарында. Ал  2000-нан аса бала  ерекше қамқорлыққа зәру. Бүгінде сол бүлдіршіндердің  192-сі  «Бәйтерек» және «Арба» қоғамдық бірлестігі арқылы өмірге бейімделіп жүр. Яғни тек бұл орындарда 18 жасқа дейін ғана дамып, жетілуге мүмкіндік жаслағн. Ал кәмілет жасына толғаннан соң қамкөңіл жандардың тағдыры не болмақ? Осы сауалға орталық қызметкерлері де алаңдаулы.Осы орайда Орал қалалық құрылыс бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Арман Өксікбаев құрылыс жұмыстарының қаржы көзі табылған соң жалғасатынын айтты. – Қаржы тапшылығына байланысты бүгінде құрылыс тоқтап тұр. Сол себепті орталық қашан салынып, қашан тапсырылатынын мен айта алмаймын. Бәрі демеушілердің мүмкіндігіне байланысты. Негізінен суық мезгілде құрылыс жұмыстарын жалғастыру қиын. Ал күн жылынысымен бұл  мәселе шешіледі деп ойлаймын, - деді Арман Өксікбаев.Негізінен ғимарат демеушілердің қаржысына, «Ақжайық» қорының ақшасына салына бастады. Қазіргі кезде мердігер компанияға 62 млн теңге ғана төленген. Нысанның жалпы құны 200 млн теңгенің төңірегінде.