Мектеп асханасынан стафилококк пен ішек таяқшасы тобының бактериялары анықталды – TDK-42

Мектеп асханасынан стафилококк пен ішек таяқшасы тобының бактериялары анықталды
0:00 / 0:00

Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінде оқушылардың жаппай улануына байланысты жүргізілген тексеріс кезінде асханадан санитарлық талаптардың өрескел бұзылғаны анықталды. Дайын тағамдар мен ас үй ыдыстарынан ішек таяқшасы тобының бактериялары табылған. Ал асхана қызметкерлерінің төртеуінен алтын түсті стафилококк анықталды. Осыған байланысты мектеп-интернаттың ас блогының жұмысы 60 күнге тоқтатылды. Қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, 12-15 қазан аралығында зертханалық тексеру үшін дайын тағамдардан, шикізаттан, ауыз судан және дезинфекциялық заттардан сынамалар алынған. Сонымен қатар ыдыстар мен түрлі беткейлерден 30 шайынды зерттелген. Нәтижесінде кейбір дайын тағамдардың микробтармен ластанғаны, ал ас үй ыдыстарынан ішек таяқшасы тобына жататын бактериялар табылғаны белгілі болды. Бұған қоса, залалсыздандыруға арналған ерітіндінің құрамы да талапқа сай келмеген. Тексеру барысында асханадағы 38 қызметкер медициналық зерттеуден өткен. Олардың төртеуінен Staphylococcus aureus(стафилококус ауреус) бактериясы анықталды. Санитариялық дәрігердің қаулысымен бұл қызметкерлер уақытша жұмыстан шеттетілген. Мамандар асхана бөлмелерін ғана емес, мектеп-интернаттың өзге де нысандарын тексерген. Нәтижесінде азық-түлікті сақтау тәртібі, тағам мәзірі, дайын өнімдердің тәуліктік сынамаларын сақтау және ас үй құралдарын таңбалау талаптары бұзылғаны анықталды. Сондай-ақ қажетті жабдықтардың жеткіліксіздігі мен өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттардың жоқтығы белгілі болған. Бұдан бөлек, оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру және олардың медициналық бақылауын жүргізу кезінде де кемшіліктер анықталған. Нақты ас мәзірі есеп құжаттарындағы мәліметтерге сәйкес келмеген, ал алдағы кезеңге арналған бекітілген мәзір болмаған. Оқушылардың жаппай сырқаттану дерегі бойынша полиция Қылмыстық кодекстің 304-бабының 1-бөлігімен, яғни санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта тергеу және эпидемиологиялық тексеру жұмыстары жалғасып жатыр.