ҚАЗЫНА ҚАРЖЫСЫ ҚИСЫНСЫЗ ЖҰМСАЛЫП ЖАТЫР – TDK-42

ҚАЗЫНА ҚАРЖЫСЫ ҚИСЫНСЫЗ ЖҰМСАЛЫП ЖАТЫР
0:00 / 0:00

2021 жылғы бюджеттің атқарылуында заң бұзушылықтар тағы да тіркелді. Бүгін Парламент Мәжілісіне келген министрлер кабинетнің атқарған жұмысын Есеп комитеті әбден сынады. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова бюджет қаражаты сапасыз жоспарланғанын айтты. 2021 жылы – 413 млрд теңгеге заңбұзушылықтар анықталған. Оның айтуынша, кірістердің үштен бірінен астамы – 36% Ұлттық қор қаражаты есебінен қалыптасқан.

Дәстүр бойынша депутаттардың алдына келген министрлер кабинеті өткен жылдың бюджетін қалай атқарғандары бойынша есеп береді. Қаржы министрі өз баяндамасын жасап, аз-кем кемшіліктерді атап өтті. Ал кезек есеп комитетіне келгенде Наталья Годунова аянып қалмады. Комитет басшысы бірден проблемаларға көшті. Оның айтуынша, бюджет белгісіз себептермен бір жылдық шығындарға қаржы жетпейтіндей етіп жоспарланған. Егер коммуналдық қызметтерді төлеуге ақша жетпесе, пәтерді күрделі жөндеуді жоспарламаймыз ғой. Ал үкіметтегілер керісінше әрекет етеді дейді ол. Бюджетті сапасыз жоспарлау қаржы министрлігінің келісімімен жүзеге асады дейді төрайым.

НАТАЛЬЯ ГОДУНОВА – ҚР ЕСЕП КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ «Жобалар санын арттыру үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге 50 миллионнан бюджет қаржысын береміз, келесі жылы оларды қаржыландыру мәселесін ойламаймыз. Кірістердің үштен бірінен астамы – 36% Ұлттық қор қаражаты есебінен қалыптасқан. Бұл көрсеткіш соңғы үш жыл бойы жоғары деңгейде қалып отыр, ал мемлекеттік қазынаны салықтық әкімшілендіру есебінен толықтыру резерві айқын көрінді».

Тізе берсек, әр министрлік бойынша дұрыс игерлімеген миллиондар мен миллиардтарда есеп жоқ. Ал қазынадан әлеуметтік салаға бөлінген 7,6 трлн теңгенің 71 миллиард теңгесі орындалмаған. Ал 21 миллиард теңге мүлдем игерілмеген.

Есеп комитеті мен депутаттардың келтірген деректері бойынша құзырлы органдар жауапқа тартыла ма? Қаржы министрі мұндай кемшіліктер жылда тіркеледі деп саспайды.

Ал сөйте тұра үкімет Ұлттық қордан қаражат тартуға әуес.