ЭКС-МИНИСТРДІҢ СОҢҒЫ СӨЗІ – TDK-42

ЭКС-МИНИСТРДІҢ СОҢҒЫ СӨЗІ
0:00 / 0:00

"Құрметті судья, мен кез келген жазаға келісемін, тіпті ату жазасына да. Бірақ жымқырды дегенге емес. Қазақтың керемет мақалы бар: "Өлімнен ұят күшті". Экс-министр, Ұлттық музейдің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы соттағы соңғы сөзінде осылай деді. Бүгін Астана қаласы Байқоңыр ауданының 2 сотында Арыстанбек Мұхамедиұлы соңғы сөзін сөйледі. Ұлттық музейдің бұрынғы басшысына «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесін өткізу жөніндегі мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында 350 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деген айыпталып жатыр.

Жемқорлық айыбымен сотталып жатқан мәдениет министрлігін, кейін Ұлттық музейді басқарған Арыстанбек Мұхамедиұлы соңғы сөзінде кінәсін мойындамайтынын, Қазақстан ешбір заңын бұзбағанын айтты. Еске сала кетейік, өткен жылы 29 мамырда Арыстанбек Мұхамедиұлы бюджет қаражатын жымқырды деген айыппен қамауға алынғанды. Арыстанбек Мұхамедиұлы, бірнеше жыл бұрын қоғамда шу болған «Феникс» фильміне қатысты да сөз қозғаған еді. Ол тіпті «Феникс» фильмі бойынша істі болған Тұңғышбай Жаманқұлов пен Талғат Жаныбековтер қаралап отыр дегенді. Кейін еліміздің белгілі актері Тұңғышбай Жаманқұлов "экс министрдің үстінен арыз түсіргенін мәлімдеді. Міне содан бері қамауда отырған Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты сот ісі жүріп жатыр. Ұлттық музейдің бұрынғы басшысы «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесін өткізу жөніндегі мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында 350 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деген айыпталып жатыр.Алайда, ол бәрін жоққа шығарды.

АРЫСТАНБЕК МҰХАМЕДИҰЛЫ – АЙЫПТАЛУШЫ «Мен сіздерге айтайын, ешқандай заң бұзушылық болған жоқ. Өздеріңіз көріп отырсыздар, бір жыл болды, бірде-бір адам мынадай заң бұзылды деп айтқан жоқ. Керісінше, біз «Алтын адамды» сақтап қалдық, оны уақытында алып келдік. Егер «Үндістанда жата берсін» деп қалдырғанымызда «Алтын адамды» нақты жоғалтар едік. Сол үшін төрт адамның ұяты таза. Ешқандай заң бұзушылық жоқ. Қазақстан жасасын!»

Сондай-ақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Арыстанбек Мұхамедиұлының мәдениет және спорт министрі болып тұрған кезіндегі әрекеттері де тексеріліп жатқанын хабарлаған болатын. Айыпталушы кез келген жазаға келісетінін, бірақ бюджет қаражатын жымқыру деген айыппен мүлде келіспейтінін айтты.

Еске сала кетейік, Прокурор Арыстанбек Мұхамедиұлын 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрап отыр.