Деркөл кенті – TDK-42

Мал жайылымдық жерлері жетіспейді
0:00 / 0:00

Орал қаласының маңындағы кенттік окургтерде мал жайылымдық жерлері жетіспейді. Бұл туралы қалалық мәслихат депутаттарының халықпен байланысты нығайту бағытында өткізген отырысында 20-шы округ депутаты Мирболат Ерсаев мәлімдеді. Депутат сағатында көптеген мәселелер, атап айтқанда шаһардағы жол жөндеу, абаттандыру, қоғамдық көлік қозғалысы сынды әлеуметті толғандырған мәселелерді шешу жолдары айтылды. Қазір Деркөл кентінде бағдаршамдар жетіспейді. Оған қоса мал жайылымдық жерлердің аздығы да тұрғындардың көкейінде жүрген өзекті жәйт. Бұдан бөлек кенттегі шешімін табуы тиіс проблемаларды депутаттар атап өтті. Мал жайылымдық жерлерінің тапшылығы қала аумағындағы барлық кенттерге тән жағдай. Бүгінде Деркөлдің өзінде 6 мыңнан аса бас мал басы бар. Тұрғындар «Орал ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» аумағынан жайылымдық жер сұрап, әкімдіктен осы мәселенің шешімін тауып беру үшін округ депутатына өтініш білдірген. Сонымен қатар Деркөл кентіне №7 қоғамдық көлік қатынайды. Аталмыш бағыттағы жолаушы тасымалымен шұғылданушы компанияға тұрғындар тарапынан шағым өте көп. Бүгінде 7-ші автобусқа жаңа 9 көлік сатып алынған. Айдың аяғына дейін тағы да екі автобус әкелінбек. Кенттегі күрмеуі қиын өзекті мәселелер алдағы уақытта кезең-кезеңімен шешілетінін атап өтті шаһар басшысы Абат Шыныбеков.

Жаңа мұз алаңы
0:00 / 0:00

Орал қаласындағы мұз айдыны спорт сарайы жанынан жаңа хоккей алаңы ашылды. Батыс Қазақстан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Орал қаласы әкімдігінің қолдауымен БҚО шайбалы хоккей федерациясы салған көп функционалды хоккей алаңы қысқы спорт түрлері бойынша облыстық балалар-жасөпірімдер спорт мектебінің меншігіне берілген.Торлы қоршау салынған хоккей алаңының ені - 24, ұзындығы - 42 метр. Бұл нысан допты және шайбалы хоккей ойнауға және көпшілік сырғанау үшін жалға беріледі. Жазғы кезеңде жасанды көгал төселіп, футбол ойнау мақсатында пайдалануға болады.Спорт мектебінде мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, шаңғы тебу, шайбалы және допты хоккей секциялары қызмет етеді. Мұз айдыны спорт сарайында жаттығатын 528 баланы 20 бапкер тынымсыз баулиды. Жыл сайын мектепке келетін балалар саны көбеюде. Көпшілік сырғанауға аптаның сенбі және жексенбі күндерінде рұқсат етілген. Енді жаңа мұз айдыны бұқараны кеңінен тартуға мүмкіндік туғызады. Көпшілік үшін жалға беру ақысы Жаңа жыл мерекесінен кейін белгілі боламақ.

Деркөлдің мәселесі
0:00 / 0:00

Биылғы жылы "Сарыарқа" шағын ауданының 48 көшесіне жол салу жұмыстары үшін жобалық-сметалық құжаттарды жинастыру жұмыстары басталған. Бұл туралы шаһар басшысы Мұрат Мұқаев Деркөл кентінің тұрғындары алдында есеп беру кезінде мәлімдеді. Бүгінгі таңда  Деркөл кентінің тұрғыны 16 мыңға жуықтайды. Ал, Көкжиек пен Сарыарқа аудандарында 7000 адам тұрады. Былтырғы жылы қаланың іргесінде орналасқан ауылда атқарылған жұмыс көп. Алайда, шешімін таппаған мәселелер де аз емес. Толығырақ, тілші материалында.

Бүгінгі таңда шаһарымыздың аумағында 51 мектеп пен 50 мемлекеттік және 40 жекеменшік балабақша бар. Биылғы оқу жылында алғаш мектеп табалдырығын аттаған оқушылардың саны 3500-ға артыпты. Жаңа мектептердің үшеуі Деркөл кентінде бой түзегендігі белгілі. Аталмыш білім ордалары кенттегі үш аусымда оқитын оқушылардың мәселесін шешіп, білім сапасын жақсартуға көмектесті. Сондай-ақ, жаңа білім беру ошақтары көптеп жұмыс орынының ашылуына жол ашты. Қалаға қарасты Деркөл, Көкжиек пен Сарыарқа ықшам аудандарында жыл санап жаңадан әлеуметтік нысан бой түзеп, жол төселіп жатыр.

Деркөл кентінің тұрғындары алдында есеп берген қала әкімі Вителки ауылының тұрғындарына жағымды жаңалықты жеткізді. Ауыл тұрғындары көп жылдан бері таза ауыз судың зардабын тартып келді.

Әкім есебін тыңдаған бұқара халық түйткілді мәселелерін ортаға салды. Қойылған сұрақтардың дені қар тазалау жұмыстарына байланысты еді. Сондай-ақ, ауыл тұрғандары күл- қоқысқа арналған контейнерлердің санын арттыруды сұрап, жол салу мәселесін көтеріп, қалаға қатынайтын маршруттардың жұмысын сынға алды. Ал, ауыл ақсақалдары Көкжиекте бой түзеген амблоторияның жұмысын сынға алды. Азаматтарға сөзінше, емдеу мекемесінде маман тапшы көрінеді.

2019 жылы Деркөл мен қос ауданның аумағында атқарылар жұмыс көп. Бірінші кезекте, дарынды балаларға арналған мектеп интернатының құрылысы жанданбақ. Сондай-ақ, ала жаздай азаматтарды алаңдататын күл-қоқыс полигоны 18 шақырым жерге көшірілетіні белгілі болды. Жаңа полигон Бәйтерек ауданының шекарасында орналасады. Өткен жылы қалалық күл-қоқыс полигонын финдік компания басқаруға алған еді. Биылғы жылы шетелдік мамандар қоқыстан қайта пайдалануы үшін білек сыбана жұмысқа кіріскен.