ДЕПУТАТ БЛОГЕРДІҢ ІСІН МАЙШАММЕН ҚАРАУДЫ ҰСЫНДЫ – TDK-42

ДЕПУТАТ БЛОГЕРДІҢ ІСІН МАЙШАММЕН ҚАРАУДЫ ҰСЫНДЫ
0:00 / 0:00

Мәжіліс депутаттары өзін блогер санап жүргендердің ісін майшаммен қарауды ұсынды. Үкімет пен Бас прокуратурадан тез арада БАҚ туралы заңды пысықтап, Мәжілістің ашық талқылауына енгізуді талап етті. Сөйтіп ақпарат саласындағы жауапкершілікті тек журналистер ғана емес, блогерлер де сезінетін уақыт жетті деп отыр мәжілісмен Анас Баққожаев. Оның айтуынша, өзін «блогермін» деп жүргендердің көбісі – ақпараттың рас-өтірігін тексермей, оңай жолмен баю мақсатында кез келген адамға жала жабудан тайынбайтын, бопсалап ақша табатын, атаққұмар, елдің қауіпсіздігіне қатер төндіретін сауатсыз адамдар.

Парламент Мәжілісінің депутаттары енді әлеуметтік желіні жайпап отыратын блогерлердің ісіне шүйлікті. Осыдан он жыл бұрын «блогер» деген сөз қазақ қоғамына алғаш енгенде қоғам оларды сапалы контент жасайтын жас мамандар деп қабылдаған болса, енді блогерлер қоғамға қауіп төндіріп отыр деп санайды депутат Анас Баққожаев. Депутаттың пікірінше, өзін блогермін жүргендердің басым бөлігі шын мәнінде блогтың не екенін түсініп жүрген жоқ. Көпшілігі ел алдындағы беделін, атақ-дәрежесін пайдаланып, халыққа көмек жасап жатқандай сыңай танытып, әлеуметтік желілерде түрлі «хайп» ұйымдастырып әлек.

Талай жылдан бері ұмыт болған қаржылық пирамиданың жандануына да себеп болған осы блогерлер. Сол алаяқтарға сеніп қалған қаншама адам суицид жасады, денсаулығынан айырылды, үйсіз-күйсіз қалып, қаңғырып кетті - деп ашуланды депутат. Тіпті блогесымақтар әлеуметтік жағдайларды өз ыңғайына бұрмалап, оған ұлтаралық рең беріп, елге жалған ақпарат таратады деп айыптады. Жеке азаматтардың ішкен-жегенін, киген киіміне дейін аңдып, қоғамда кибербуллинг жасап жүрген блогерлер тобы да барын айтты ол. Сондықтан мәжілісмен Үкімет пен Бас прокуратураға блогерлердің ісін майшаммен қарауды ұсынды. Ол үшін БАҚ туралы заң жобасын тездетіп парламентке енгізу керек деген талабын алға тартты.

Блогерлер өздерінің әлеуметтік желідегі парақшасында ақылы жарнама беріп ғана қоймай, тауар айырбасу арқылы атвокөлікке, шетелде саяхаттауға қол жеткізіп жатады. Ісін енді ғана бастап жатқан блогерлердің айлық табысы 1 миллион теңгеден басталады. Ал «әлеуметтік желінің жұлдызы, гүлі» болған блогерлер айына 10 миллион теңге табыс тауып отыр. Оның 20 пайызын өз командасымен бөліседі. Осылайша әлеуметтік желіге телмірген заманда блогердің қолы жүріп тұр.