ӘУЕДЕГІ МӘСЕЛЕ – TDK-42

ӘУЕДЕГІ МӘСЕЛЕ
0:00 / 0:00

Әуедегі мәселеге тоқталсақ, соңғы кезде авиация саласына қатысты проблема баршылық. Әуе рейстерінің кешігуі, жолаушылар құқығының бұзылуы, ұшақтардың бұзылуы, билет құнының қымбаттығына қатысты жолаушылар тарапынан шағым көбейді. Өздеріңізге мәлім, жақында қолында билеті бола тұра Орал қаласына ұша алмай қалған егіздің сыңарына қатысты шу шыққанды. FlyАrystan әуе компаниясы егіз қызбаланың біреуін әуежайда тастап кеткен еді. Осы даудан соң компания басшысы қызбаланың анасынан кешірім сұрап, ағынан жарылғанды. Ал FlyАrystan әуе компаниясына 3,5 млн теңге айыппұл салынды.

Брифинге қатысып отырған FlyАrystan әуе комапниясының басшысы тағы да кешірім сұрады. Қазір компания ішінде тексеріс жүргізіліп жатқан көрінеді. Осыған орай жолаушы құқығының бұзылуына жол берген қызметкерге қатысты әзірге шара қолданылмаған.

РИЧАРД ЛЕДЖЕР – «FLYARYSTAN» ӘУЕ КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ «Мен сізбен толық келісемін. Анасынан кешірім сұрағанмын, тағы да кешірім сұраймын. Енді мұндай келеңсіз жағдайға жол берему үшін компания ішкі қауіпсіздік талаптарын күшейтеді».

Әуедегі тағы бір мәселе- рейстердің кешігуі жиілеп кетті. Ал бұл алыс жолға сапарын жоспарлаған жолаушыларға кедергі болуда. Себебі, халықаралық бағыттағы рейске билет алғандар шетелдегі рейстеріне кешігіп қалуы да мүмкін. Не керек жаз басталғалы Астана әуежайынан да береке кетті. Нағыз демалыс маусымында қазақстандықтар әуе рейстерінің кешігуінен шаршады. Көлік вице-министрі болса алдағы айда бәрі орнына келеді деп сендіреді.

Сондай-ақ, әуе билетттеріне қатысты да сұрақ бар. Қазақстандықтар ел ішіндегі бағыттарға әуе билеттерінің құны тым қымбат деп есептейді. Астанадан батыс аймақтарға ұшатын ұшақтардың билет құны шетелге ұшатын билетпен тең. Вице-министр Ластаев тарифтің бағасы жанармайға байланысты болады деп отыр. Оның айтуынша, қазір отандық зауыттардың өндіретін жанармайы жетпей жатыр. Сондықтан импорт жағынан бағаның өсу-өспеуі маусымға байланысты болмақ. Ол бағаға әсер етеді. Тарифтің өзі өспейді, оған күнделікті факторлар әсер етеді. Елімізде жылына 650 мың тонна керосин өндірілсе, жылдық сұраныс 1 млн тоннадан асады. Сондықтан 350 мың тонна немесе одан артық көлемде тапшылық байқалып отыр. Қазір осы тапшылықты импорт есебінен жауып отырмыз дейді ол. Сондай-ақ, Ластаев мырза ұшаққа билетті ертерек алсаңыз арзан болады, – деп жұбатады.