АСТАНАДА СУ ТАПШЫ – TDK-42

АСТАНАДА СУ ТАПШЫ
0:00 / 0:00

Елордамыз- Астанада су тапшылығы күннен-күнге ушығып барады. Қалада бой көтерген жаңа тұрғын үй кешендерінде су жоқ деген шағымдар көп. Ал әкімдік су берілетін уақыттың кестесін жариялағанды. Кейбір тұрғын үйлерде сол кестенің өзі сақталмай отыр дейді елордалықтар. Ал әкімдік шілде айының соңына үшінші сорғы-сүзу станциясын қосқанда мәселе шешіледі деп жұбатады. Ал министрлер су тапшылығын сезініп жатыр ма? Бұл сұрақты олардың өзіне қойған едік.

Астана тұрғындары суға зәру болып қалды. Бұл соңғы төрт жылдан бері айтылып келе жатқан мәселе. Биыл су проблемасы ушығып кетті. Ал екі аптадан бері аптап ыстықтан қиналған елордалықтар жуына алмай отырмыз деп қиналып жүр. Көптеген тұрғын үйлерде су жиі тоқтатылады. Тіпті әкімдік бекіткен су беру кестесінің өзі сақталмай жатады деген шағымдар көп жұртшылықтан. Су тапшылығы жаңадан салынған тұрғын үйлерде қатты сезіліп жатыр. Әкімдік болса, жаңа құрылыс нысандарының бой көтеруінен су инфрақұрылымы дайын болмай қалды деп жауап қатады. Ендігі құрылысы жүріп жатқан үшінші сорғы-сүзу станциясын іске қосқанда мәселе шешіледі деп жұбатады Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов. Ал сонау 60 жылдардың соңында бірінші станция салынса, екіншісі 2011 жылы қосылған.

Астанаға көіп келіп жатқандар саны да күрт артуда. Депутат Нартай Аралбайдың айтуынша, аталған сорғы-сүзу станциясы бұл мәселені толық шешпейді. Алдағы үш жылда өндірістік қуаттылық тапшылығы жойылғанымен, 2026 жылы қаланың тұрғындары тағы да су іздеп жүруге мәжбүр болады.

Қара суға қол жеткізе алмай, су тапшлығының машақатын көріп жатқан елордалықтардың жанайқайынан шенеуніктердің хабары бар әрине. Бірақ біз сұрақ қйоған министрлердің басым көпшлігі су тапшылығын сезініп жатқан жоқ.

Ал сарапшылар Астанадағы су тапшлығын ауыздықтау үшін тек сорғы-сүзу станциясын салу мәселені шешпейді. Қалада жаңа ғимараттарды салуға мораторий жариялау керек деп санайды. БҰҰ-ның биылғы су мәселесіне қатысты жиынында жер бетіндегі әрбір төртінші адам таза ауыз суға қол жеткізе алмай отырғаны мәлім болды. Еуропаның өзінде 16 млн-ға жуық адам әлі де ауыз суға зәру.