АСП – TDK-42

Бөтен табыстың әлегі
БҚО Сырым ауданы, Жетікөл ауылында тұратын Сұпығалиева Айсәуле атаулы әлеуметтік көмекті ала алмай жүр. Біздің редакциямызға келіп, шағымын айтқан көп балалы ана арна тілшісіне мән-жайды баяндап берді. Белгілі болғандай, мемлекеттік орган Сұпығалиевтардың туған апасының мал-мүлкін кіріс көзіне есептеп, отбасыға тиісті жәрдемақыны бермей отырған көрінеді. Ал, Сұпығалиева Айсәуле болса өздерінде мал жоқ екендігін, қорадағы төрт түлік апасына тиесілі екендігін алға тартады. Алты баланың анасы атаулы әлеуметтік көмектен неге қағылды? Біреудің мал-мүлкін басқа отбасыға табыс көзі ретінде есептеу қаншалықты дұрыс?

Сұпығалиевтар отбасы Сырым ауданы, Жетікөл аулында тұрады. Сұпығалиева Айсәуленің алты баласы бар. Бірақ атаулы әлеуметтік көмекті ала алмай отыр.

Сұпығалиевтардың әлеуметтік жағдайын зерттеген комиссия бұл отбасыға әлеуметтік көмек тағайындаудың қажеті жоқ деп шешім шығарған. Комиссия Сұпығалиева Айсәуленің қайын апасы Сұпығалиева Алмагүлдің атындағы мал- мүлікті осы отбасыға тиісті деп көрсетіп, оған ауылдың бір- екі тұрғыны куәлік етіпті.

Сұпығалиева Айсәуле алты баланың анасы. Бүгінде біреудің үйінде тұрып жатыр. Себебі өз үйлері тұруға жарамайды, апатты дейді. Ерлі-зайыптылардың екеуі де жұмыссыз. Айсәуле алты баламен үйде отырған әйел. Өз аттарында ешқандай мал-мүлік жоқ. Біреудің мүлкін табыс көзіне санау қаншалықты дұрыс? Бұл мәселенің анық-қанығын тек сотқа жүгіну арқылы анықтауға болатын секілді.

Жәрдемақы жарылқай ма?
0:00 / 0:00

Көп балалы аналарға беріледі деген атаулы көмек аясындағы дау толастамай тұр.Аналар әр есіктің табылдырығын тоздырып, әлі сенделіп жүр.Қорадағы бір - екі сиыры мен он шақты қойы әлеуметтік көмек алуға кедергі болып отырған аналардың ашуы қара қазандай.Даудың басы дайрабайдың қызыл сиыры демекші, бітпейтін дау осы атаулы әлеуметтік көмек аясында да жетеді.Құжат жинау мәселесі біраз жыр болып еді, оны қазір реттеді.Жеке басын куәландыратын бір ғана құжатпен әлеуметтік көмекті рәсімдеуге болады.Айсагулова Ұрқия бес бала тәрбиелеп отырған ана.Ол да көп балалы аналар секілді бір кісідей қиындықтармен бет пе- бет кездесіп жүр. Үйсіз -күйсіз жүрген отбасылар әлеуметтік көмек алуымызға мекен- жай тіркеуі кедергі болып тұр деп жылағандары есімізде.Үйсіз - күйсіз жүрген адамдарда қайдан мекенежай тіркеуі болсын.Сонда арнайы тіркеуі болмаса әлеуметтік көмекті ала алмай ма.

Өздеріңіз естігендеріңіздей әлеуметтік көмек алу үшін енді тіркеу кедергі емес.Бірақ қуануға әзірге ерте.Әлеуметтік көмекті тағайындау барысында кездесетін қиындық жетеді.Сондай қиындықтардың бірі үйдегі ата -ананың зейнетақысын табыс көзіне санау.Өздері өмір бойына жұмыс жасап азар дегенде зейнетке шыққан қариялардың зейнеатқысын табыс көзіне жатқызыу қаншалықты ақылға қонымды.Бұдан бөлек үйдегі қой мен ешкі, бағып отырған сиыры мен жылқысы әлеуметтік көмек алуға кедергі болып отырған отбасылар шаш етектен.ҚР Тұңғыш Президенті әр көп балалы отбасы тиесілі мемлекеттік жәрдемақыны алсын демеп пе еді.Енді неге мұндай кедергілер шығып отыр.

Түсіне білгенге малдан келетін табыс қазір аз.Себебі жем -шөбі қымбат, оны қарайтын кісіге төлейтін тиын- тебені тағы бар.Сүтін саудалап табыс тауып отырған ештене жоқ.Бірақ заңның аты заң.Заңда қалай жазылды солай талап етіледі.

Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау барысында үйінде мүгедек бала тәрбиелеп отырған аналардың алатын ақшасы табыс көзіне жатпайды.Ал, баланың мүгедектігі үшін алатын ақша табысқа кіреді.Айтпақшы көп балалы аналарға берілетін 10 мың теңге жәрдемақы бар ғой, ол төңірегінде де дау көп,кейбір аналар соны ала алмай отырмыз дейді.

Қазір БҚО бойынша 7 мыңға жуық көп балалы отбасы бар.Осылардың ішінде 3 мыңдай отбасының құжаты қабылданған.Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен әлеуметтік орындар күніне 500-600 адамнан құжат қабылдайды.Айнагүл Нұржанова сондай көп балалы аналардың бірі.Бес бала тәрбиелеп отыр. Соңғы екеуі егіз.Қазір біреудің қуықтай бөлмесін жалдап отыр.Жалғыз күйеуі жұмыс жасайды. Бар тапқаны балалардың қапқанынан ауыспайды.Тіпті кейде балаларға тамақ тауып бере алмай қаламын деп қиналады ана.Айнагүлдің бар сұрары мемлекет баспана алуға көмектессе дейді.

Біреудің қуықтай бөлмесін жалдап тұрып жатқан көп балалы отбасылар көп.Бәрінің арманы баспаналы болу.Өзгеге төлейтін 35-40 мыңды өз үйімізге төлейіші деп өтініш білдіріп жүр.Талай отбасыға арман болған баспана мәселесі қашан шешілетіні белгісіз.Әзірге осы атаулы әлеуметтік көмек алданыш. Бұл тиын- тебен кедей кепшіктің қай жыртығын жамауға жетсін. Әзірге талғажау ғана.