11-сыныпты 7095 түлек бітірді – TDK-42

11-сыныпты 7095 түлек бітірді
0:00 / 0:00

Сәкен мектебінің дарынды оқушылары жыл сайын облыстық, аймақтық, республикалық және халықаралық білім сайыстары мен шығармашылық байқауларда топ жарып, облыс пен мектептің намысын қорғап келеді. Білім, өнер, спорт додаларында «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атанған шәкірттер жетерлік. Олар бүгін балалық шақпен қоштасып, үлкен өмірге қадам басты.Бұл күні республикалық білім бәсекесіндегі үздік нәтижесі мен дарындылықтың айқын үлгісі ретінде 11 «Б» сынып оқушысы Назерке Меңдіғали «Жыл таңдауы – 2025» аталымымен, ал жоғары зияткерлік әлеуеті мен ерекше табандылығы үшін 11 «Б» сынып оқушысы Аружан Түмен «Зияткер түлек – 2025» аталымымен марапатталды. Мектеп мерейін асырған түлектерге облыс әкімінің атынан ноутбук сыйға тарту етілді. Айым Қобланды да үлкен өмірге қадам басты. Педагогтер отбасында тәрбиеленген ол болашақта мұғалім болуды жоспарлап отыр. Биылғы жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу 16 мамыр мен 5 шілде аралығында өтеді. Облыс бойынша 6427 оқушы ҰБТ тапсыруға өтініш білдірді.: Білім басқармасының мәліметінше, биылғы оқу жылында оқушылар республикалық және халықаралық деңгейдегі 80-ге жуық медаль иеленіп, үздік нәтиже көрсетіпті. Мұғалімдер де шет қалмады: 2024 жылы облыстың 10 педагогі республикалық байқау жеңімпазы атанса, оралдық ұстаз Эльмара Траисова «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болды. Қазіргі таңда облыс бойынша 21 мыңнан астам педагог еңбек етуде. Олардың басым бөлігі — жаңа форматтағы білікті мамандар. Жыл соңында үш жаңа мектеп пайдалануға берілді. Тағы алты мектептің құрылысы жалғасуда. Сонымен қатар, алдағы үш жылда 86 мектеп күрделі жөндеуден өтеді.