Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Жомарт жүректің" иелері анықталды

c 14:28, 03/10/2018 c 874

0:00 / 0:00

Зеленов ауданында "Жомарт жүрек-2018" атты премиясы табысталды. Салтанатты шара Елбасының "Болашаққа бағдар" Рухани жаңғыру" бағдарламасының аясында іске асқан еді. Бұл мақала ел азаматтарына туған жеріне жәрдемдесіп, көмек көрсетуге үндейді. Биылғы жылдың өзінде кәсіпкерлердің есебінен ауданда бірнеше нысан бой көтеріп, көп балалы отбасылардың бүлдіршіндеріне көмек көрсетіліпті.

"Туған жерге туың тік". Бұндай тапсырманы Елбасы өткен жылы барша қазақстандықтарға жүктеген еді. Осы тапсырманы орындау барысында ел азаматтары өз қаржысы есебінен ауылдағы ағайынның жоқ жітігін түгендеуге тырысып жатыр. Бұл үрдістен Зеленовтық меценаттар да қалыс қалған жоқ. Биылғы жылы атқарған істері көпке үлгі болатын жандарды аудан әкімі "Жомарт жүрек" деген аталыммен марапаттап, құттықтады.

Ауданның дамуына үлес қосып келе жатқан жандардың бірі- Светлана Голубева есімді азаматша. Ол бүгінгі таңда "Жыл азаматы" деген аталымға ие болып отыр. Кейіпкеріміз, аймақты жақсартуға қосқан белсенді азаматтық ұстанымы үшін марапатқа ие болды.

Ел үшін қызмет жасап жатқан жандардың еңбегі елентін бұл шара келесі жыл да өз жалғасын таппақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.