Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Зейнетақы жинағын пайдалану сайты жұмысын бастайды

c 18:56, 22/01/2021 c 524

0:00 / 0:00

Ертең яғни қаңтардың 23-нен бастап зейнетақы жинағын пайдалануға қатысты өтінім берілетін  enpf-otbasy.kz. сайты  жұмысын бастайды. Бұл жайында елордада өткен онлайн баспасөз маслихатында Отбасы банктің басшысы Ляззат Ибрагимова хабарлады. Бүгінде зейнетақы қорындағы жинағының бір бөлігін алуды көздеген 760 мың қазақстандық бұл жаңалықты асыға күтуде. Жинақтың бір бөлігін баспана жағдайын жақсартуға, емге немесе қандайда бір қаржы институтында басқаруға беруге мүмкіндік туып отыр.

Қазақстандықтар асыға  күтіп отырған  Зейнетақы жинағын пайдалануға қатысты өтінім берілетін  enpf-otbasy.kz. сайты  ертең жұмысын  бастайды.  Алайда, қордағы қаражаттың бір бөлігін пайдаланғаныңыз үшін табыс салығын төлеу міндеті бар. Бұл қоғамда дау тудырып, үкімет салықты бірден ұстамай, кейін  бөліп төлеуге мүмкіндік берді. Тиісті заңға Президент қол қойды. Айдың басында жүзеге асатын бұл шаруа кешеуілдеп, қаңтардың 23- нен бастап өтінім қабылданатын болды.

Айта кету керек, сондай-ақ қазақстандықтар  "Отбасы банкі"мобильді  қосымшасы арқылы да есеп-шот ашып, өтінім жасай алады. Ең бастысы  халық сайтқа жаппай өтінім жасағанда 42500 теңгенің күйін кешпесек жарады. Біржолғы зейнетақы төлемін баспана жағдайын жақсартуға ғана емес емделуге де пайдалана аласыз. Алайда, қордағы жинақты емге жұмсау ережесі әлі дайын емес болып шықты.

Әу баста бірыңғай зейнетақы төлемін қолдану бойынша Отбасы банкі уәкілетте орган болып табылады делінгенді. Енді Халық банкі де осы мәселеде оператор болғанын хабарлап отыр.  Қазақстандықтар баспана жағдайын жақсартуға қол жеткізеді деген ақпарат шығысымен-ақ, пәтер құны шарықтап кетті. Мысалы, елордада бұрын бір бөлмелі пәтердің бағасы орташа 10 миллион теңгеден басталса, қазір 15 миллионнан асып жығылады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.