0:00 / 0:00
Орал қаласындағы облыстық филармонияда «Тазша бала» атты стендап-концерт өтті. Аталған кеш заманауи формат пен қазақтың дәстүрлі мәдениетін ұштастырған ерекше жоба болды. Іс-шараны Батыс Қазақстан облысының Қоғамдық даму басқармасы мен «Орал студенттері альянсы» корпоративтік қоры ұйымдастырды. Жастар тек көңіл көтеріп, демалып қана қоймай, ұлттық фольклормен танысып, оны заманауи форматта қабылдауға мүмкіндік алды. Концерт шығармашылықты дамытуға, әлеуметтік қарым-қатынасты нығайтуға және мәдени құндылықтарды насихаттауға бағытталған алаңға айналды.










