Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тасқынға тосқауыл

c 15:07, 18/03/2019 c 675

0:00 / 0:00

Бүгінгі таңда Тасқала ауданынан 23 мың текше метр қар шығарылған. Аудан көлемінде 21 бірлік техника көктемгі су тасқынының алдын алу үшін жұмыстанып жатыр.Табиғаттың тосын сыйына дайын болу үшін арнайы азаматтарды қабылдайтын орталық жасақталып, түсіндіру жұмыстары қолға алынған.

Төтеншеліктер көктемгі су тасқынынан келетін зардапты түсіндіру үшін атқа қонды. Олар әрбір үйге барып, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тиісті үн-парақ таратып жатыр. Сала мамандарының келтірген дерегіне сүйенсек, қазіргі таңда тоң 1 смді құрапты. Ал, өткен жылы бұл көрсеткіш 58 см-ді құраған.

Су тасқынын алдын алу жұмыстарына жергілікті колледж студенттері көмектесіп жатыр. Жастар оқудан бос уақытта, қариялардың аулаларын қардан күреп, қаптарды құмға толтыруда.

Тасқала ауданында су тасқыны орын алса деп 500 тұрғынды қабылдай алатын арнайы орталық жабдықталыпты.

Қазіргі таңда Деркөл өзенінде 8 қауіпті аймақ белгіленіпті. Сондай-ақ, Шежін1, Шежін2, Амангелді және Атамекен ауылдарында су басу қаупі бар. Сала мамандары табиғаттың тосын сыйын болдырмау үшін тиісті шаралар атқарылып жатыр,-дейді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.