Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мәдениет қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды

c 14:56, 19/10/2017 c 852

Қоғамның індеті саналатын сыбайлас жемқорлықпен күрес бұл адамзаттың басты миссиясы екені мәлім. Аталмыш мәселенің алдын-алу үшін өңірімізде түрлі шаралар легі қолға алынған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агентігінің жанынан құрылған мобильді топ өкілдері Орал қалалық мәдениет және тілдерді бөлімінде қызмет жасайтын мамандарымен кездескен болатын. Аталмыш кездесуде қоғамның індетімен күресуді үндеп жүрген мамандар ағымдағы жылы атқарған жұмыстарын жіпке тізіп, сыбайлас жемқорлықтың фактілерін баяндады. «Парасыз болашаққа бірге» атты жиынның басты мақсаты мәдениет саласында қызмет ететін қызметкерлерге сыбайлас жемқорлықтың зардабы мен зиянын тыңғылықты түсіндіру болды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.