0:00 / 0:00
Оралда абаттандыру және санитарлық тазалық мәселелері күшейтілген бақылауға алынды. Жыл басынан бері жүргізілген рейдтер барысында жүздеген ескерту беріліп, ондаған заңбұзушылық анықталған. Қала әкімі Мұрат Бәйменов табиғатты қорғау полициясымен бірлесіп кезекті тексеру жұмыстарын жүргізді. Тазалық талаптарын сақтау, заңсыз жарнамаларды жою және тұрғындардың жауапкершілігін арттыру – басты назарда. Тілшіміз тарқатады.










