Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Сауда-саттық

c 18:39, 26/10/2020 c 613

0:00 / 0:00

Қазақстандық компаниялар әлемдік Alibaba компаниясымен әріптестіктен не ұтады? Сауда министрлігі азық-түлік бағасын ұстап тұра ала ма? Қазақстандық тауарлардың экспорты неге аз? Бүгін онлайн брифингке шыққан Сауда және интеграциялар министрі Бақыт Сұлтанов  журналистердің көкейіндегі сұрақтарына жауап беруге тырысты.

Сауда министрі Бақыт Сұлтанов Қазақстанның 50 компаниясы аты әлемге әйгілі Alibaba-да 20 млн теңгеге сауда жасап, 500 өнім түріне сұраныс алғанын айтты. «Алтын тасымалдаушы» мәртебесін иелену үшін бұл нарыққа 100 компанияны шығару керек екен. Alibaba – әлемдік интернет-сауданың көшбасшысы саналады. 2019 жылдың қорытындысына сәйкес, табысы 570 млрд долларға жеткен қытайлық сауда алаңы, дүние жүзіндегі импорттаушылар мен экспорттаушыларға бизнес ақпаратпен алмасуға және көтерме сауда келісімшарттарын жасауға мүмкіндік беріп отыр. Осылайша  Alibaba компаниясы Қазақстаннан сауда компанияларын әріптестікке шақырып жатыр. Ал отандық компаниялар тарапынан қызығушылық бар ма?

Жалпы отандық өнімді арттыру мәселесі әлі де кенже қалып отыр. Бүгінде қазақстан нарығын еуразиялық Экономикалық Одаққа мүше елдердің тауары басып кеткен. Әсіресе, Ресей мен Белорус өнімі көп. Ал Қазақстан әлі күнге дейін шикізат экспорттаумен шектеліп отыр.

Бақыт Сұлтанов – ҚР сауда және интеграция министрі «Өкінішке орай Қазақстанда тұрақты экспорттаушылар аз. Компаниялардың жалпы санының 2 пайызын ғана құрайды. Бұл дегеніміз 45 субьекті. Дегенмен, олардың 81 пайызы шағын және орта бизнес өкелдері екені қуантады. Экспорттаушылар негізінен үш мегополис қаласында .Олар Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент. »

Ал шарықтап тұрған азық-түлік бағасына кім тоқтау қояды? Бақыт Сұлтанов бұл мәселені ұлттық тауар таратушы жүйе құру арқылы шешеміз деп сендіреді.  Қазақстандағы 24 көтерме-тарату орталығы  фермерлік өнімдерді сақтау мен қайта таратудың толыққанды әрі кешенді қызметтерін көрсетеді. Мұндай орталықтардың салынуы көптеген шаруашылықтардың, жеке шаруа қожалықтардың өнімді өндіріп, сату кезінде күшін біріктірмек. Осы жылдың соңына дейін жеке инвесторларды тарта отырып, 17 көтерме-тарату орталығы бойынша жұмыс жүргіземіз – де»ді министр. Ал бұл жүйе жүзеге асқанша, дүкен сөрелеріндегі азық-түлік бағасы күн сайын өсіп, шарықтау шегіне жетпесе жарады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.