Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Өркендегі игі бастама

c 19:08, 25/04/2018 c 1083

0:00 / 0:00

Зеленов ауданына қарасты Өркен ауылында "Достық" деген атауға ие саябақ ашылды. Көшім ауылдық округінің қарамағындағы елдімекенге саябақтың құрылысы, оны жарықтандыру ісі мен ағаш отырғызу сынды жұмыстарды өңірімізде өмір сүріп жатқан түрлі этностар бөліп алыпты. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, түрлі этностардың қол алған игі шарасы барша ауыл тұрғындарына риясыз қуаныш сыйлады.

Бұл, облыс орталығынан алпыс шақырым шалғай орналасқан - Өркен ауылы. Ол Зеленов ауданына қарасты, Көшім ауылдық округтің қарамағындағы ауыл. Тарихы тереңнен өрілген ауылда бүгінгі таңда жетпіске жуық тұрғын үй бой түзеген. Ауылда мәдени ошақ жоқтың қасы. Ауыл тұрғындары үшін Қазақстан Халқы Ассамблеясы өкілдері жаңадан саябақ құрылысын жүргізіп жатыр.

Ауыл тұрғындарының игіліне берілген саябақтың құрылысын түрлі этностар бөліп алған. Бірі тынымбақтың жарығы, суын тартқызып берсе, енді бірі оның қоршауын жасап жатты. Украин және белорус ұлт өкілдері саябаққа отырғызылатын теректерді арнайылап сатып алған. Ауыл тұрғындары мен түрлі ұлты өкілдері алма ағашы мен қарағай ағашын бірлесе отырғызған еді. Тұрғындар бұл игі бастамаға алғыстарын айтып, қуаныштарымен бөліністі.

Аталмыш қуанышқа орай облыс әкімі Өркен ауылына арнайы табан тіреген болатын. Өңір басшысы тұрғындармен бірге ағаш егіп, саябақтың құрылысымен танысқаннан соң, ауылда бой түзеген мектепті аралап, білім мекемесінің жұмысымен танысты. Бүгінгі таңда, елді мекенде орын тепкен мектепте сексеннен астам оқушы білім алып жатыр.

Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері ауыл тұрғындары үшін жасалып жатқан игі шараларын келешекте де жалғастырмақ.

 

 

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.