Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оралда бағдаршамсыз қиылыстағы қозғалыс қаупі артып отыр

c 18:31, 19/01/2018 c 795

Әсіресе жаңадан жөнделген көше жолдарында. Орал қаласының Әбілхайыр хан даңғылының бойындағы 7-ші және 9-шы шағын ауданды бөліп тұрған жол қиылысына қатысты тұрғындардың арызы осындай. №3 көше аталған жөндеуден кейінгі жол мен Әбілхайыр даңғылының қиылысында жаяу жүргінші жолағының белгісі қойылған. Бірақ тұрғындар бәрібір бұл жолдан өтуге жүрексінеді. Ал көліктер көп жүретін уақытта бір-біріне жол бергісі келмеген жүргізушілер үлкен кептеліс туғызатын көрінеді. Жол-көлік оқиғаларының тіркелуіне де бағдаршамның жоқтығы себеп болып отыр дейді тұрғындар.

Бұл жол "Қарашығанақ петролеум оперейтинг" компаниясының қаражатына 2017-жылы жөнделген болатын. Жоба бойынша бағдаршам орнату қарастырылғанымен, әзірге оның жұмысы кейінге қалдырылған көрінеді.

Шаһарымызда бағдаршамға зәру қиылыстар бойынша жоспарлар жасалып жатыр дейді мамандар. Сол себепті қауіпті қиылыста сақтық шарасын қаперде ұстап, бағдаршамның орнатылуын күте тұруға тура келеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.