Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласында 2 қабатты тұрғын үйдің төбесі опырылып түсті

c 18:00, 15/01/2018 c 779

Абырой болғанда жан баласы зардап шеккен жоқ. Бірақ төбеден опырылып құлаған тас басына түсе жаздаған 78 жасар кейуана осы жайттан соң қатты шошынып қалған. Тұрғындар әзірге барар жерлері жоқ болғандықтан төбесі тесік үйде тұра беруге мәжбүр. Ал қала әкімдігі аталмыш үй апатты үйлер тізіміне енбейтінін мәлімдеп отыр. Бұл Еуразия даңғылы 244 мекен-жайында орналасқан 2 қабатты үй. 8 пәтерлік ғимарат осыдан 60 жыл бұрын салынған. Орал қаласында қазір 41 үй апатты деп танылған. Алайда олардың тізімінде аталмыш тұрғын үй жоқ болып шықты. 2017 жылдан бері мамандар тұрғындармен бұл мақсатта кездесулер өткізіп келеміз дейді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.