Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мал ұрлығы өршіп тұр

c 12:19, 18/01/2018 c 924

Ауылдық жерде басты күнкөріс көзі мал болып табылады. Төрт түлік арқылы халық өз қаражатымен азықтарын тауып отырғаны жасырын емес. Ал ауылдықтардың ақ адал еңбегін бүгінде ұры-қары оңай олжаға айналдырып алған. Өкінішке орай бұл қылмысқа бүгінде түпкілікті тосқауыл қойылмай отыр. 2017-жылы облыста 1821 бас мал ұрланған. Оның ішінде 71 фактімен Теректі ауданы көш бастап тұр.
Тәртіп сақшылары мал басы көбіне жайылымда жоғалатынын айтады. Бұл орайда таптырмас көмек болатын ДЖИпиэс жүйесіне көшу енжар жүргендііктен жоғалған малды табу оңай болмай тұр.
Тұрғындардың айтуынша, ауылда бір түнде қорада тұрған 50 бас қойды тиеп алып кеткен. Юбилейный ауылына қатынайтын бір ғана жолға тұрғындар бейне бақылау қондырғысын орнатуды талап етіп отыр.
Былтыр аймақта 458 мал ұрлығы тіркелген. Келтірілген шығын 178 млн. теңгеден асып жығылса, оның тек тең жартысы ғана

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.