Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Деркөлдіктер тазалықты талап етуде

c 19:10, 25/04/2018 c 673

0:00 / 0:00

Деркөл кентінің тұрғындары күл қоқысты тазартуды сұрап отыр. Қатты тұрмыстық қалдықтардың бір сыпырасы жеке сектордың аумағында жатыр. Бірнеше жылдан бері жиналмай жатқан қоқыстың үйіндісі ауыл тұрғындарына зардабын тигізуде.

Мұндай көріністерді Деркөл кентінің тұрғындары күнде көреді. Көктем келгеннен соң, күл қоқыстан қолқаны алатын иіс шығып, таза ауамен тыныстау қиынға соғып жатады. Аталмыш кенттің тұрғыны Алина Прокопенконың сөзінше, ауыл тұрғындары бірнеше мәрте қоқысты өздері тазартпақшы болыпты. Алайда, олар үйінді тұрмыстық қалдықтардан арнайы техникасыз арыла алмай отырмыз,- дейді.

Ауыл тұрғындары әкімдікке қатты тұрмыстық қалдықтарды жинастыру мәселесін айтып бірнеше мәрте шағымданыпты. Әкімшіліктегілер бұл қоқыстардың жиналатындығын, уақытша кездескен қиындыққа шыдай тұруын жеткізді.

Облыс аумағында сенбіліктер бір айдың көлемінде жүзеге аспақ. Аумақты күл қоқыстан тазарту жұмыстары барысында қала тұрғындарының өзі белсенділік таныту керек. Қала тұрғындарына тазалық денсаулық кепілі екендігін еске сала кетейік.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.