Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Ақ жол" партиясының тартуы

c 16:02, 27/12/2018 c 698

0:00 / 0:00

Балаларға арналған жаңа жылдық ертеңгілік облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп интернатында өз жалғасын тапты. "Ақ жол" партиясы балалардың ертеңгілігіне қатысып, оларға мерекелік көңіл-күй сыйлауға ат салысып, тәтті сыйларын ала барды.

Осылайша, Жаңа жыл мерекесін атап өту үшін түрлі мультфильм кейіпкерлері облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп интернатының бүлдіршіндеріне қонаққа келді. Мерекелік кеш барысында барлық кейіпкерлер өнерлерін ортаға салып, ән айтып, би билеп, оқушылардың көңілін көтерді. Олардан бүлдіршіндер де қалыс қалмады.

Өнерлерін ортаға салған өрендер кештің басты кейіпкерлері аяз ата мен ақшақарды қарсылады. Бүлдіршіндер құдды ертегі әлеміне тап болғандай. Мереке қарсаңында оқушылар мен олардың ата-аналарын құттықтап келген қонақтардың қарасы қалың.

Оқушылардың арнайы ертеңгілігіне келген "Ақ жол" партиясының өкілдері 120-ға тарта оқушыға тәтті сыйын ала келіпті.

Мектеп ұжымы жыл сайын бүлдіршіндерді қолдап жүрген жандарға алғысын білдіріп жатты.

Мектеп оқушыларына арналған мерекелік кеш кезең-кезең ұйымдастырылып, 28-ші желтоқсанда өз мәресіне жетпек.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.