Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

109 қызметі іске қосылды

c 16:42, 22/04/2019 c 1520

0:00 / 0:00

Оралда авариялық-коммуналдық қызмет бойынша бірыңғай жүйе жұмыс істей бастады. Бұл жобаны шет елдердің тәжірибесін қолдана отырып, Орал қаласы әкімдігі мен облыстық ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және архивтер басқармасы бірлесіп жүзеге асыруда. Жоба «Орал қаласының авариялық-коммуналдық қызметі бойынша қалалық бірыңғай 109 Сall-орталығы» деп аталады. Тәулік бойы қызмет атқаратын  орталықта 12 оператор жұмыс жасайды. Бұл жоба АҚШ-тағы «311» қызметіне негізделген, қаладағы авариялық-коммуналдық қызметтерді газ, су, жылу, электр, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, қатты тұрмыстық қалдықтар және басқа біріктіреді. Пилоттық жоба биылғы жылдың бірінші наурызында  іске қосылған. Сол уақыттан бері 2000-нан аса тұрғынға көмек көрсетілген. Мұндағы басты мақсат - тұрғындар мен қала қонақтарының коммуналдық мәселелерін жедел шешу. Қазіргі таңда тұрғындар авариялық-коммуналдық мәселелерді шешу үшін әр мекемеге бөлек қоңырау шалады, бұл ыңғайсыз әрі тиімсіз. Жоба енгізілген кезде тұрғынның коммуналдық қызмет мекемелеріне қоңырау шалуға кететін уақыты үнемделіп, мәселесін барынша жылдам шешуге мүмкіндік жасайды. Наурыз айында тұрғындарды  қар мен қар суын сору бойынша  мәселе толғандырса, қазрігі таңда тұрмыстық қалдықтар жәйі мазалайтын көрінеді. Яғни маусымдық мәселелерді шешуде тиімділігі өте жоғары. Электр жарығы сөніп, ыстық су ажыратылса, көгілдір отыннан қауіп төнегенін сезсеңіз 109  байланыс телефонынан хабарласыңыз. Мәселеңіз ән сағатта шешімін табады. Айта кеткен жөн аталған қызмет ақысыз.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.