Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БАҒДАТ ІЗМАҒАНБЕТОВ

БАҒДАТ ІЗМАҒАНБЕТОВ

Ізмағанбетов Бағдат Мәдиұлы 1987 жылы 1 наурызда Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Алғабас ауылында дүниеге келді. Үйленген. Бір ұл, бір қызы бар. Ұлты қазақ. Қазақстан Республикасының азаматы. 2004 жылы Алғабас ауылдық орта мектебін бітіріп, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетіне оқуға түседі. Есеп және аудит мамандығы бойынша бакалавр дәрежесімен бітіріп шыққан. Еңбек жолын 2005 жылы «Жайық үні» қоғамдық-саяси журналында журналист, жарнама редакторы ретінде бастады. 2008-2012 жылдар аралығында «Тдк-42» телеарнасында жаңалықтар бөлімінің тілшісі және диктор қызметін атқарды. 2012 жылдың қаңтар айынан бастап қараша айына дейін «Қазақстан» ТРК БҚФ-да тілші және диктор, 2012 қараша-2013 жылдары «Жайық Пресс» ЖШС-да журналист, 2013-2014 «Евразия» республикалық телеарнасында тілші, 2014-2016 «Жайық Пресс» ЖШС-да акпараттық орталық координаторы, 2016-2017 жылдары «ҚР Президенті жанындағы «Орталық Коммуникациялар қызметі» БҚОФ-да бас маман, 2017-2018 «QAZAQSTAN» ТРК теларнасында бас редактор, директордың орынбасары, 2018-2019 жылдары Батыс Қазақстан облыстық ішкі саясат бөлімі Аймақтық коммуникация қызметінде басшы, 2019-2020 жылдары «Атырау-Ақпарат» медиахолдингінде шығармашылық редактор қызметтерін атқарған. Қазіргі таңда «Ақ жол» ҚДП БҚОФ төрағасының орынбасары, «ТДК-42» телеарнасының директоры, Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты.

10:21, 6 желтоқсан 2021
22:04, 8 тамыз 2022
10:32, 2 тамыз 2022
22:41, 25 шілде 2022
10:09, 19 шілде 2022
23:13, 11 шілде 2022
21:52, 4 шілде 2022
11:03, 28 маусым 2022