Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарын сайлауда «ТДК-42» телеарнасында сайлау алдындағы үгіт-насихатты орналастыру шарттары туралы

c 17:29, 22/10 c 1

2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарын сайлауда саяси партиялардың сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру үшін «ТДК-42» телеарнасында эфир уақытын ұсынудың жалпы шарттары, тәртібі және ақы мөлшері туралы ақпараттық хабарлама.

Осы арқылы «ТДК-42» телеарнасының меншік иесі болып табылатын «ПСП «Серик» ЖШС (бұдан әрі – телеарна) Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттығына кандидаттарды сайлау алдындағы үгіт материалдарын (бұдан әрі – үгіт материалдары) орналастыру үшін эфир уақытын ұсыну құны, шарттары мен тәртібі туралы хабардар етеді.

Кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыруы осы Ақпараттық хабарламада белгіленген құнға және шарт талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Телеарна эфир уақытын жазбаша өтініш және телеарна мен Кандидат немесе Кандидаттың сенім білдірген адамы арасында жасалған шарт негізінде ұсынады. Үгіт материалдарын орналастыру саны, мерзімі және түрі Кандидаттың немесе оның сенім білдірген адамының жазбаша өтінішінде көрсетіліп, кейін шартта бекітіледі.

Өтініштер келіп түсу кезектілігі бойынша тіркеледі. Әрбір жазбаша өтінішке оның келіп түскен күні мен реттік нөмірі беріледі.

Жазбаша өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуі тиіс:

1) Кандидаттың тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

2) Кандидат өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі;

3) өтініш беруші тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі;

4) шарт жасасуға өкілетті тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттар;

5) үгіт материалы мәтінінің қағаз және электрондық нұсқадағы мәтіндік жазбасы. Қағаз нұсқасының әрбір бетіне өкілдің қолы қойылуы тиіс.

Өтініштер телеарна тарапынан Кандидаттардан немесе олардың уәкілетті өкілдерінен 2026 жылғы 28 қазаннан бастап жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін жазбаша түрде мына мекенжай бойынша қабылданады:

Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Г. Бельгер көшесі, 103-үй.

Барлық қызықтырған сұрақтар бойынша мына телефон нөміріне хабарласуға болады: +7 707 716 9777.

Сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру кезектілігі жазбаша өтініштердің келіп түсу тәртібіне сәйкес белгіленеді. Егер өтініштер бір уақытта келіп түссе, кезектілік жеребе тарту арқылы анықталады.

Кандидаттардың жазбаша өтініштерінде көрсетілген мәліметтер (күні, уақыты және т.б.) негізінде редакция сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру кестесін белгілейді.

Сайлау алдындағы үгіт материалдары қамтылған барлық жарияланымдар қаржыландыру көздері және ақпарат ұсынған тұлғаның тегі көрсетілген ақпаратпен сүйемелденеді.

Телеарнада сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру 2026 жылғы 2 қарашадан басталып, 27 қарашаны қоса алғанда жалғасады.

Үгіт материалдарын ұсынған Кандидаттар олардың мазмұнының Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына, оның ішінде авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы талаптарға сәйкестігі үшін жеке жауапты болады.

Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген талаптар мен тәртіп, сондай-ақ тиісті шарт талаптары бұзылған жағдайда, үгіт материалдарын орналастыру жүзеге асырылмайды немесе бұзушылықтар жойылғанға дейін тоқтатылады.

Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген эфир уақытын ұсыну шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының талаптарына сәйкес өзгертілуі мүмкін.

Телеарна басқа Кандидаттардың қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіруі мүмкін ақпарат қамтылған үгіт материалдарын эфирге шығарудан бас тартуға құқылы.

Үгіт материалдарында конституциялық құрылысты күшпен өзгерту, Қазақстан Республикасының тұтастығын бұзу, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, сословиелік және рулық араздықты қоздыру, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты насихаттау, сондай-ақ заңнамада көзделмеген әскерилендірілген құрылымдар құру идеялары болмауы тиіс.

 

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптар сақталмаған жағдайда, телеарна иесі тиісті үгіт материалын орналастырудан бас тартуға құқылы.

Сіз жарнама тұтынушысының жарнама берушілермен қарым-қатынастарынан туындауы мүмкін кез келген салдарлар, оның ішінде қандай да бір залал үшін телеарна жауапты болмайтынымен келісесіз.

«ТДК-42» телеарнасында эфир уақытын ұсыну шарттары мен тәртібі

Төлемнің тең шарттары:

Эфир уақытын ұсыну үшін төлем барлық Кандидаттар мен саяси партиялар үшін телеарна бекіткен бірыңғай тарифтер бойынша жүзеге асырылады. Жеңілдіктер немесе артықшылықтар берілмейді.

Тек қолма-қол ақшасыз есеп айырысу:

Эфир уақытын ұсыну шартта немесе шотта көрсетілген телеарнаның банктік деректемелеріне 100% алдын ала төлем жасау негізінде жүзеге асырылады.

Өтініш беру тәртібі:

Эфир уақытын бөлуге арналған жазбаша өтініштер материалды эфирге шығару жоспарланған күннен кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын қабылданады.

Үгіт материалдары телеарнаға дайын күйінде, шартта көзделген көлемде, телеарнада орналастырылатын күннен кемінде 2 (екі) жұмыс күні бұрын ұсынылуы тиіс.

Техникалық талаптар:

Бейнематериалдар Full HD цифрлық форматында қабылданады:

- ажыратымдылығы – 1920×1080;

- кадр жиілігі – 25 fps;

- кадр пішімі – 16:9;

- аудио – 48 kHz / 16 bit / Stereo.

Материалдың сапасы телевизиялық хабар тарату стандарттарына сәйкес келмеген немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған жағдайда, телеарна оны эфирге шығарудан бас тартуға құқылы.

«ТДК-42» телеарнасы және «О’Кей» радиоканалында үгіт материалдарын орналастыру құны

 

№| БАҚ атауы| Орналастыру түрі| Орналастыру тілі| ҚҚС-ты қоса алғандағы құны, теңге

1| «ТДК-42»| Бейнематериал дайындау және орналастыру| Қазақ, орыс| 40 000 / 1 минут

| | Бонус – әлеуметтік желілерде орналастыру| |

2| «ТДК-42»| Дайын бейнематериалды орналастыру| Қазақ, орыс| 250 / 1 секунд

| | Бонус – әлеуметтік желілерде орналастыру| |

3| «ТДК-42»| Телеарнаның әлеуметтік желілерінде пост орналастыру| Қазақ, орыс| 7 000 / 1 дана

4| «О’Кей» радиоканалы| Аудиоматериал дайындау және орналастыру| Қазақ, орыс| 3 000 / 1 минут

5| «О’Кей» радиоканалы| Сұхбат дайындау және орналастыру| Қазақ, орыс| 6 000 / 1 минут

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.