0:00 / 0:00
Маңғыстау облысының Қарақия ауданында Каспий теңізінің жағалауынан бекіре тұқымдас 173 өлі балық табылды. Өлекселер 20 қазанда демалыс орны мен Құрық порты аралығындағы 15 шақырымдық аумақтан анықталған. Мамандардың мәліметінше, қатты батыс желі балықтарды жағаға шығарған. Балықтардың денесі толық кеуіп, табиғи мумиялану сатысына жеткен. Сондықтан зертханалық талдау үшін жұмсақ тіндерден сынама алу мүмкін болмаған. Осыған байланысты олардың қырылу себебін анықтау әзірге мүмкін емес.







