Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

АҒАЙЫНДЫ ЕКІ АЗАМАТТАН 113 КЕЛІДЕН АСТАМ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ

c 15:20, 22/10 c 1

0:00 / 0:00

Алматыда есірткі тасымалдау арнасының жолы кесілді. Полиция бұрын есірткі қылмысы үшін сотталған ағайынды екі азаматты ұстап, олардан 113 келіден астам есірткі тәркіледі. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, арнайы операция Алатау ауданында жүргізілген. Күдіктілердің үй аумағын тексеру кезінде есірткі жасырылған орындар анықталған. Сондай-ақ екі қорап пен үш пакетке салынған есірткі және каннабис тобына жататын 26 түп өсімдік табылған. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттардың ішінде 100 келіден астам кептірілген марихуана және 13 келіден астам гашиш бар. Қазіргі уақытта екі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Тергеу жалғасуда. Полиция есірткі жеткізу арнасына қатысы болуы мүмкін өзге де адамдарды анықтап жатыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.