Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ДӘРІГЕР 53 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ЖЫМҚЫРҒАН

c 11:56, 21/10 c 1

0:00 / 0:00

Ақтөбеде бұрынғы бас дәрігер 53 миллион теңгеден астам қаражатты жымқырғаны үшін бес жылға шартты түрде сотталды. Тергеу деректеріне сәйкес, ол «Медина Клиник» медициналық орталығын іс жүзінде басқарған. Клиника мен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры арасында алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету, диагностикалық тексерулер жүргізу және халықтың нысаналы топтарын профилактикалық тексеруден өткізу бойынша келісімшарттар жасалған. Алайда дәрігер көрсетілмеген медициналық қызметтер үшін қаражат алу схемасын ұйымдастырған. Ол «DamuMed» ақпараттық жүйесіне жалған және қайталанатын мәліметтер енгізіп, соның негізінде қордан клиниканың есепшотына миллиондаған теңге аудартқан. Жалпы шығын 53 миллион 117 мың теңгені құраған. Сотта дәрігер кінәсін мойындап, мемлекетке келтірілген шығынды толық өтеген.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.