0:00 / 0:00
65 жастағы оралдық велосипедпен Меккеге барып, елге қайта оралды. Ол сапар барысында 6 мың 700 шақырым жол жүріп, мақсатына жетуге төрт айға жуық уақыт жұмсаған. Ер адамның айтуынша, қасиетті мекенге зиярат ету көптен бергі арманы болған. Алайда ұзақ жолға шықпас бұрын медициналық тексеруден өтіп, бірнеше ай бойы тыңғылықты дайындалған. Сапар барысын әлеуметтік желідегі парақшасында күн сайын жариялап отырған. Туған жеріне оралған жолаушыны жақындары мен достары салтанатты түрде қарсы алды.







