0:00 / 0:00
Қоғамдағы татулық пен өзара құрмет мәдениетін қалыптастыруда ұлттық құндылықтардың орны ерекше. Оралда «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» атты республикалық форум аясында Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы Ерлан Қошанов өңірдегі этномәдени бірлестіктердің, қоғамдық ұйымдар мен жастардың өкілдерімен кездесті. Жиында қоғамдық келісімді нығайту, ұлттық дәстүрді дәріптеу және өскелең ұрпақтың азаматтық жауапкершілігін арттыру мәселелері сөз болды.










