0:00 / 0:00
Астанада Telegram арқылы есірткі саудалаған бес адамға сот үкімі шықты. Интернет-дүкен арқылы жұмыс істеген топтың заңсыз айналымы 90 миллион теңгеден асқан. Олар екі мыңға жуық жасырын есірткі қоймасын ұйымдастырған. Қылмыстық топ мүшелері 2025 жылдың жазында ұсталды. Тінту кезінде полицейлер 165 грамнан астам марихуана мен каннабис шайырын, электронды таразыларды, қаптама материалдарын, банк карталары мен ақшаны тәркіледі. Сот топтың ұйымдастырушысын 17 жылға, қалған төрт қатысушыны 16 жылға бас бостандығынан айырды.







