Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мектеп бухгалтері мен мұғалімі 89 млн теңгені жымқырған

c 09:47, 16/10 c 1

0:00 / 0:00

Петропавлда мектеп бухгалтері мен мұғалім мемлекет қаржысын жымқырғаны үшін сотталды. Тергеу дерегінше, олар бес жыл бойы білім беру саласы қызметкерлеріне арналған жалақыны заңсыз иемденген. Заңсыз әрекет 2019 жылдың тамызынан 2024 жылдың тамызына дейін жалғасқан. Осы уақыт аралығында бас бухгалтер 89 миллион теңгеден астам қаражатты жымқырған. Оның 25 миллион теңгеден астамын осы мектептің мұғалімімен бірлесіп иемденген. Петропавл қалалық сотының үкімімен бас бухгалтер 8 жылға, ал мұғалім 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар екеуіне де 10 жыл бойы материалдық жауапкершілікке байланысты қызметтерді атқаруға тыйым салынды. Сот үкімі заңды күшіне енді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.